ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША
- ӘТеа алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, өтініш берген сәтте жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде;
- МӘС бөлімшесі арқылы, жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде;
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (egov.kz), өтініш берген сәтте жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш.
Күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушінің келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетуден бас тартылады.
Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
ӘТеа мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
ӘТеа = (ОАК –50% ЕТЖ) × КАК × ҚӨК × ЕҚА, мұндағы:
ОАК –әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 24 бөлу жолымен айқындалады..
ЕТЖ – ӘТеа құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының мөлшері.
2026 жылғы ЕТЖ = 85 000 теңге.
КАК – кірісті алмастыру коэффициенті = 0,6.
ЕҚАК – еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті, жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылудың белгіленген дәрежесіне сәйкес 30%-дан 100%-ға дейін сәйкес келеді.
ҚӨК – қатысу өтілінің коэффициенті:
| Жүйеге қатысу өтілі | ҚӨК |
|---|---|
| 6 айдан кем болғанда | 0,1 |
| 6 айдан 12 айға дейін | 0,7 |
| 12 айдан 24 айға дейін | 0,75 |
| 24 айдан 36 айға дейін | 0,85 |
| 36 айдан 48 айға дейін | 0,9 |
| 48 айдан 60 айға дейін | 0,95 |
| 60 айдан 72 айға дейін | 1,0 |
| 60 және одан көп айдан бастап | 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды. |
ӘТеа тағайындалған сомасынан 10 пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) ұсталады және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі (егер алушы бірінші және екінші топтағы мүгедек болып табылса, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, онда оның келісімі негізінде МЗЖ ұсталады).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, МӘС бөлімшесі арқылы - 8 жұмыс күні;
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 4 жұмыс күні.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
- алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
- алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. ӘТеа алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда ӘТеа төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады. Бұл ретте ӘТеа Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде ӘТеа-ны арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді. Кету елінде төлем алынған жағдайда ӘТеа Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады;
- қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
- шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
- ӘТеа алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
- алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
- Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
- өтініш берушінің ӘТеа-нің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
- медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
ӘТеа алуға құқық сақталған жағдайда ӘТеа тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын цифрлық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде қайта басталады.
ӘТеа:
- алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте ӘТеа алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;
- алушының ӘТеа тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТеа тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;
- алушының ӘТеа тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТеа өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
- медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Артық есептелген (төленген) ӘТеа сомаларын қайтару банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы келесі деректемелер бойынша жүзеге асырылады:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
ЖСК: KZ67009SS00368609110
БИК: GCVPKZ2A
БСН: 160440007161
КБЕ: 11
ТТК (КНП): 028 – еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын толтыру міндетті).