Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқару – бұл стратегияны әзірлеуден басталатын және ұйымның барлық қызметіне қатысты процесс. Ол МӘСҚ-ға әсер етуі мүмкін, ықтимал оқиғаларды анықтауға және осы оқиғалармен байланысты тәуекелдерді басқаруға бағытталған.
МӘСҚ тәуекелдерді басқару тәуекел иелерінің – Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің, құрылымдық бөлімшелердің және тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен жүзеге асырылады. МӘСҚ тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) барлық қатысушылардың рөлдері мен жауапкершілігін анықтауда теңдестірілген тәсілді ұсынатын «Қорғаныстың үш желісі» моделіне негізделген: кез келген ұйымда әрбір қызметкер өз функциялары шеңберінде тәуекелдерді басқару үшін ортақ жауапкершілікте болады.
ТБЖ-нің негізгі мақсаттары:
- - МӘСҚ тәуекелдерін уақтылы анықтау;
- - тәуекелдерді болдырмау және олардың салдарын қолайлы деңгейге дейін төмендету;
- -МӘСҚ Басқарма және Директорлар кеңесінің мүшелерін тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша хабарлар ету;
- - тәуекелдердің қаржылық орнықтылыққа әсеріне, стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуіне және МӘСҚ беделіне мониторинг;
- -тәуекелдерді басқару саласындағы МӘСҚ жергілікті нормативтік актілерін актуалды жағдайда ұстау;
- - МӘСҚ тәуекелдерді басқару мәдениетін дамыту, оның ішінде, жұмыскерлерді оқыту іс-шаралары арқылы.
МӘСҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен ТБЖ мынадай негізгі құжаттары бекітілген:
ТБЖ Саясаты - ТБЖ мақсаттарын, міндеттерін, принциптері мен әдістерін, жалпы ұйымдастырылуы мен процестерін айқындайды;
ТБЖ Қағидалары - әрбір процесте ТБЖ қатысушыларының қызметін реттейді; тәуекелдерді басқару процестерінің мерзімі мен кезеңділігін анықтайды.
Сондай-ақ жыл сайын келесі құжаттар бекітіледі:
Тәуекелдер тізілімі тәуекел иелерінің сипаттамасын, тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін, тәуекел факторларын, тәуекелдерді басқарудың алдын алу шараларының тізбесін, тәуекелді іске асыру кезінде жоспарланған реактивті шараларды, тәуекелді іске асыру салдарының сипаттамасын, тәуекелді бағалау параметрлерін қамтиды. Алынған тәуекелдер тізілімінің негізінде жылу картасы түріндегі тәуекел картасы жасалады.
Тәуекелге тәбет - бұл МӘСҚ өзінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қабылдауға дайын болатын тәуекелдердің сапалық және сандық деңгейін айқындайтын құжат.
ТБЖ жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу, оның ішінде ағымдағы мониторинг барысында анықталған тәуекелдерді басқару процесіндегі кемшіліктерді хабарлау арқылы, анықталған кемшіліктерді жою бойынша түзету шараларын одан әрі жүзеге асыру.