АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША

po_potere_kormiltsa.original.original
Асыраушысынан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем (ӘТАА)
АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ (ӘТаа)
ӘТаа алу құқығы:

қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.

Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасының мынадай мүшелері:

1) он сегіз жасқа толмаған және егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылса, осы жастан асқан балалардың, оның ішінде асырап алған балалардың, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің ӘТаа тағайындалуға және оны алуға құқығы бар.

аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) мен немерелері – егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса немесе олар ата-аналарынан алименттер алмайтын болса.

Бұл ретте он сегіз жастан асқан тұлғалар, олар:

академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын немесе оқыған адамдардың оқу бітірген уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;

бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдардың мүгедектікті белгілеу мерзіміне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;

2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, бауырларын, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірінің немесе жұбайының (зайыбының) не атасының, әжесінің, аға-інісінің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) ӘТаа тағайындалуына және оны алуға құқығы бар.

ӘТаа тағайындау үшін:
  • «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz);
  • «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінуге болады.
Қажетті құжаттар:
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • өтініш;
  • сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
  • қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер;
  • жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар немесе білім алушылар болып табылатыны туралы анықтамалар;
  • қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат.

* Құжаттарды мемлекеттік цифрлық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

ӘТаа тағайындаудың проактивті тәсілі

Өтініш берушіде ӘТаа тағайындау құқығы туындаған кезде, өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі «Электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады

Күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушінің келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетуден бас тартылады. Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.

ӘТаа есептеу тәртібі

ӘТаа мөлшері келесі формула бойынша анықталады:

ӘТаа= (ОАК – 50 % ЕТЖ) × КАК × ҚӨК × АСК, мұндағы:

ОАК – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 24 бөлу жолымен айқындалады.

ЕТЖ – ӘТаа құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының мөлшері. 2026 жылы ЕТЖ = 85 000 теңге.

КАК – кірісті алмастыру коэффициенті = 0,6.

АСК – асырауындағылар санының коэффициенті: асырауында бiр адам болса – 0,5; асырауында екi адам болса – 0,65; асырауында үш адам болса – 0,8; асырауында төрт және одан көп адам болса – 1,0 болады.

ҚӨК – қатысу өтілінің коэффициенті:

Жүйеге қатысу өтілі ҚӨК
6 айдан кем болғанда 0,1
6 айдан 12 айға дейін 0,7
12 айдан 24 айға дейін 0,75
24 айдан 36 айға дейін 0,85
36 айдан 48 айға дейін 0,9
48 айдан 60 айға дейін 0,95
60 айдан 72 айға дейін 1,0
60 және одан көп айдан бастап 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды.

Алушының өтініші негізінде төлемге тиесілі сомадан ұсталатын ӘТаа артық есептелген (төленген) сомаларын қоспағанда, ӘТаа-дан ұстап қалулар жүргізілмейді.

ӘТаа тағайындауға өтінішті қарау мерзімдері

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 8 жұмыс күні;
  • «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (egov.kz) немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 4 жұмыс күні.
Өтініш берушінің табысы туралы анықтаманың нысаны
ӘТаа үшін анықтама нысаны (жүктеу үшін): ӘТаа үшін анықтама нысанын жүктеу
ӘТаа тоқтата тұру және қайта бастау

ӘТаа мынадай мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден:

  1. алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
  2. алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
    ӘТаа алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адамға шығу елінде төлем алмаған жағдайда ӘТаа тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алуға жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа ӘТаа қайта басталады.
    Бұл ретте ӘТаа Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кету кезеңінде ӘТаа арттыру жүргізілсе, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.
    Шығу елінде төлемдерді алған болса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда ӘТаа жүгінген күннен бастап, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде қайта басталады;
  3. алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
  4. шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
  5. алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
  6. Алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
  7. он сегіз жастан асқан алушыны (асырауындағы адамды) білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;
  8. алушының қайтыс болуы (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі) туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа қамқоршы (қорғаншы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
  9. алушыны ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, баланы асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға ӘТаа тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде ӘТаа ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулердің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
  10. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қамқоршыны (қорғаншыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға немесе қамқоршы (қорғаншы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
  11. хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының келіп түсуі немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі екені расталса, ӘТаа тоқтатылады, расталмаған жағдайда – әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
  12. өтініш берушінің ӘТаа мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтер бергені туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа тоқтатыла тұрған күннен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.

ӘТаа алуға құқық сақталған жағдайда ӘТаа тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын цифрлық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде қайта басталады.

ӘТаа-ны тоқтату

ӘТаа:

  1. қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған жалғыз адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТаа қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;
  2. қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған жалғыз адамның мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап. Бұл ретте ӘТаа мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап тоқтатылады;
  3. алушы әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынған жағдай. Бұл ретте, ӘТаа тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
  4. әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған, алушы ұсынған жалған құжаттар (мәліметтер) болған кезде. Бұл жағдайда ӘТАА оның тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
  5. алушы әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш берген жағдай. Бұл ретте, ӘТаа өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
ӘТаа қайта есептеу

Асырауындағы адамдар саны ұлғаю кезінде ӘТаа мөлшерін қайта есептеу әлеуметтік төлемді алушының, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің жазбаша өтініші негізінде:

  • жалпы орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан анықтама ұсынған кезде оқу кезеңінің басталу күнінен;
  • Кодекстің 239-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасының мүшесін әлеуметтік төлем алушының асырауындағылардың құрамына қосқан кезде асыраушы қайтыс болған күннен бастап (асыраушы қайтыс болғаннан кейін туған кезде, баланың туған күнінен ерте емес) жүргізіледі.

ӘТаа үлесін бөлуге құқығы бар адамдарға ӘТаа мөлшерін қайта есептеу жазбаша өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.

Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелерінің бірі әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау құқығын іске асырмаса, онда ол Кодекстің 239-бабының 5-тармағына сәйкес әлеуметтік төлем бөлінген жағдайда ол Қорға жүгінген күннен бастап аталған адамға, ал бөлінбеген жағдайда – ӘТаа құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.

Бұл ретте, мөлшерді қайта есептеу (қайта қарау) әлеуметтік төлемнің жүргізілген көтерулерін ескере отырып, өтініш берілген сәтте қолданыста болатын есептеу параметрлері бойынша әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап жүргізіледі. Асырауындағы адамдар саны азайған кезде ӘТаа мөлшерін қайта есептеуді мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерден мәліметтер алу жолымен Қор филиалдары ӘТаа қайта есептеу туралы Қор филиалының шешімі негізінде жүргізеді.

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен мәліметтер болмаған кезде, асырауындағы адамдардың саны азайған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауындағы адамдардың біріне әлеуметтік төлем тоқтатылған күннен бастап әлеуметтік төлем тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын қалыптастырады және Қордың филиалына жібереді.

Өтініш беруші асыраушысынан айырылған адамдар үшін ӘТаа мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған сәттен бастап, бірақ олар тағайындалған сәттен ерте емес қайта қаралады.

ӘТаа жаңа мөлшері әлеуметтік төлемнің ағымдағы мөлшерін асырауындағы адамдар санының ағымдағы коэффициентіне бөлу және нәтижені жаңадан белгіленген асырауындағы адамдар санының коэффициентіне көбейту арқылы есептеледі.

ӘТаа алушының әлеуметтік төлем мөлшерін қайта есептеу туралы өтініші негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі Қор филиалының бекітуі үшін әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы Қор филиалының шешім жобасын қалыптастырады.

ӘТаа-ның артық аударылған (төленген) сомаларын қайтаруға арналған деректемелер

Артық есептелген (төленген) ӘТаа сомаларын қайтару банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы келесі деректемелер бойынша жүзеге асырылады:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар банкісі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

ЖСК: KZ67009SS00368609110

БИК: GCVPKZ2A

БИН: 160440007161

КБЕ: 11

ТТК: 047 – асыраушысынан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын көрсету міндетті).

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка