«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару Кодексі
1 - тарау. Жалпы ережелер
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының осы Корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі-Кодекс) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстанда және әлемде дамып келе жатқан корпоративтік басқару тәжірибесін ескере отырып, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі-Қоғам) ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді. Осы Кодекстің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
- Осы Кодекстің мақсаттары Қоғамда корпоративтік басқаруды жетілдіру, басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, Қоғамның тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға бейімділігін растау болып табылады.
- Осы Кодекстің қолданылу аясы Қоғамның, оның ішінде Қоғаммен тиісті шарттар негізінде осы Кодексте көзделген міндеттемелерді өзіне қабылдайтын және Қоғамда ережелерді сақтауға міндеттенетін лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне қолданылады.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Жарғысы
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) осы Жарғысы Қордың заңды мәртебесін, мақсаттарын, міндеттерін, құқықтары мен міндеттемелерін, оның органдарының қалыптасу тәртібі мен құзыретін, қызметінің қайта құрылуы мен тоқтатылуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерін айқындайды. .
(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.05.2024 ж. № 167 бұйрығына сәйкес өзгерістермен)
2. Қордың толық атауы:
1) мемлекеттік тілде: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы;
2) орыс тілінде: акционерное общество «Государственный фонд социального страхования»;
3. Қордың қысқаша атауы:
1) мемлекеттік тілде: «МӘСҚ» АҚ
2) орыс тілінде: АО «ГФСС»;
4. Қордың атқарушы органының орналасқан жері: 010017, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 ғимарат, е.м.17. .
(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.04.2024 ж. № 112 бұйрығына сәйкес өзгерістермен)