ЖҮКТІЛІККЕ ЖӘНЕ БОСАНУҒА, ЖАҢА ТУҒАН БАЛАНЫ (БАЛАЛАРДЫ) АСЫРАП АЛУ БОЙЫНША
- жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz) арқылы жүгінуге болады.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (қыз асырап алуға) байланысты берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (парақтары);
- өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 8 жұмыс күні;
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) арқылы - 4 жұмыс күні.
Өтініш берушіде ӘТжб тағайындау құқығы туындаған кезде, өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі «Электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады.
Күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушінің келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетуден бас тартылады.
Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
ӘТжб мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
ӘТжб = ОАК × ЕСК, мұндағы:
ОАК – орташа айлық кіріс мөлшері, ӘТжб алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар, осындай құқық туындаған айдың алдындағы ай үшін төленген әлеуметтік аударымдарды қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін айқындаған кезде Қорға түскен әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды.
Бір төлеушіден немесе бірыңғай төлем төлеушіден бір ай үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына әлеуметтік аударымдар бірнеше рет келіп түскен жағдайда, осы ай үшін ӘТжб есептеу үшін қабылданатын жиынтық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
ЕСК – еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті: жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағы (парақтары) берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады.
ӘТжб-дан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
ӘТжб тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде ӘТжб-ны қайта есептеу үшін жүгіну мерзімдері әлеуметтік төлемдерді алу құқығы туындаған күннен бастап 12 айдан аспайды.
ӘТжб үшін анықтама нысаны (жүктеу үшін): ӘТжб үшін анықтама нысанын жүктеу
Ауыр босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті ауыр босануына немесе екі және одан көп бала тууына байланысты қосымша ұзартылған жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағы (парақтары) негізінде қайта есептеледі.
Ауыр босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда, ӘТжб-ны қайта есептеу жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағына (парақтарына) сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны ескеріле отырып, әлеуметтік төлемнің тағайындалған сомасын ӘТжб-ның қайта есептелген сомасынан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі нысан бойынша ӘТжб алушының әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы өтінішінің негізінде Қор филиалы бекіту үшін шешімнің жобасын қалыптастырады.
Тағайындауға жүгінген күннен кейін ӘТжб есептеу үшін қабылданған кезеңде Қорға әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда алушыға тағайындалған ӘТжб мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.
Артық есептелген (төленген) ӘТжб сомаларын қайтару банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы келесі деректемелер бойынша жүзеге асырылады:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
ЖСК: KZ67009SS00368609110
БИК: GCVPKZ2A
БСН: 160440007161
КБЕ: 11
ТТК: 097 - Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын толтыру міндетті).