ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ БОЙЫНША
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды.
Адамды жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде:
- мансап орталығы;
- электрондық еңбек биржасының порталы (enbek.kz) арқылы. (enbek.kz).
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда:
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш.
Өтініш берушіде ӘТжа тағайындау құқығы туындаған кезде, өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі «Электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады
Күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушінің келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетуден бас тартылады. Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
ӘТжа мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
ӘТжа = ОАК х КАК х ҚӨК, мұндағы
ОАК – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері соңғы 24 күнтізбелік айдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің мөлшерін (осы кезеңдегі әлеуметтік аударымдардағы үзілістерге қарамастан) бөлу арқылы анықталады.
КАК – кірісті алмастыру коэффициенті = 0,45.
ҚӨК – қатысу өтілінің коэффициенті:
| Жүйеге қатысу өтілі | ҚӨК |
|---|---|
| 6 айдан 12 айға дейін | 0,7 |
| 12 айдан 24 айға дейін | 0,75 |
| 24 айдан 36 айға дейін | 0,85 |
| 36 айдан 48 айға дейін | 0,9 |
| 48 айдан 60 айға дейін | 0,95 |
| 60 айдан 72 айға дейін | 1,0 |
| 60 және одан да көп айдан бастап | 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды. |
ӘТжа-дан 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
ӘТжа тағайындауға кейіннен жүгінген кезде қатысу өтілін есептеу
ӘТжа-ға бұдан кейінгі жүгіну кезінде ӘТжа бұрын алынған жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен 12 ай шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.
ӘТжа тағайындауға жүгіну мерзімі ӘТжа алу құқығы туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, мансап орталығы арқылы – 6 жұмыс күні;
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, электрондық еңбек биржасы порталы арқылы (enbek.kz), екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 4 жұмыс күні.
ӘТжа мынадай мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
- алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап қайта басталады;
- шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТжа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
- өтініш берушінің жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет.
Бұл ретте ӘТжа тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады. ӘТжа жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алуға құқық сақталған жағдайда, цифрлық жүйелерден алынған, әлеуметтік төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде алушының өтініші бойынша қайта басталады.
ӘТжа:
- алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайда тоқтатылады. Бұл ретте ӘТжа алушының қайтыс болған айын қоса алғанда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды қоса алғанда) жүзеге асырылады;
- алушының ӘТжа тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТжа тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
- алушының ӘТжа тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТжаөтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
- мансап орталығында алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап;
- алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Артық есептелген (төленген) ӘТжа сомаларын қайтару банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы келесі деректемелер бойынша жүзеге асырылады:
Бенефициар:«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ
Бенефициардың банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ
ЖСК: KZ67009SS00368609110
БИК: GCVPKZ2A
БСН: 160440007161
ТТК: 11
КНП: 049 – жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын толтыру міндетті).