Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
2023 жылғы 15 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары күшіне енді.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша бұйрыққа сәйкес, олар бойынша параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін. Бұл сома бір мың АЕК-тен асқан жағдайда, сыйақы пара немесе келтірілген залал сомасының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ 4000 АЕК-тен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Коммуникация форматы өзгеріссіз қалып отыр: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы деректерді хабарлағысы келетіндер 1424 call-орталығына хабарласа алады.
ВАКР нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына жүргізілген мониторинг. Мониторинг scan.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі – бұл ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оны болдырмаудың тиімді құралдарының бірі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің нәтижесінде жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ компанияға (тек материалдық қана емес, беделдік те) залал келтіру тәуекелі төмендейді. Осы мақсатта «МӘСҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2023 жылғы 21 маусымдағы №5 хаттама) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қордың Корпоративтік хатшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функциясы жүктелген.
Комплаенс - қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың ықтимал немесе белгілі жағдайлары туралы ақпаратты мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы хабарлауға болады:
Сенім телефоны - 8 (7172) 983-919
Электрондық пошта мекенжайы: info@gfss.kz
010000, Астана қ, Достық көшесі, 18, "Мәскеу" Бизнес орталығы, 21 қабат