ХӘҚҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) - мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыратын халықаралық ұйым. Сонымен қатар, ол әлеуметтік бағыттағы шаралар мен басқа да халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысады.

ХӘҚҚ халықтың нақты қажеттіліктеріне бейімделген әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің форумы ретінде 1927 жылы құрылды.

ХӘҚҚ 150 елден 320 жуық ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін біріктіреді. 1955 жылдан бастап барлық ұйымдарды аффилирленген және ассоциацияланған мүшелерге бөлу қолданылады.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ 2012 жылдан бастап аффилиирленген мүше ретінде қатысады. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "АҚ да Қазақстаннан ХӘҚҚ-ның аффилиирленген мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ХӘҚҚ-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Қауымдастық жұмысында 13 тұрақты техникалық комиссия маңызды рөл атқарады (Жарналарды жинау және бақылау, Жұмыспен қамту саясаты және жұмыссыздықтан сақтандыру, Отбасылық жәрдемақы, Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Өндірісте жазатайым оқиғалардан сақтандыру және кәсіптік ауру, Әлеуметтік қамсыздандыру қорларын инвестициялау, медициналық қызмет көрсету және ауырудан сақтандыру, Өзара көмек қоғамы, Кәріліктен, мүгедектіктен және асыраушысынан айырылуы жағдайын сақтандыру, Ұйымдастыру, басқару және инновациялар, Саясатқа және зерттеуге талдау, Статистикалық, актуарлық және қаржылық зерттеу, Алдын алу бойынша арнайы комиссия).

Бас Ассамблея, Кеңес және бюро ХӘҚҚ Жарғылық органдары болып табылады. Қауымдастықтың Штаб-квартирасы Женева қаласында орналасқан.

Қауымдастықтың жоғары лауазымды тұлғалары - Президент, Вице-президент, Бас хатшы және қазынашы.

ХӘҚҚ Халықаралық еңбек ұйымымен, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта.

ХӘҚҚ басшы лауазымды тұлғалары

Мохаммед Азман бин Азиз Мохаммед - ХӘҚҚ Президенті

Амината Диалло - ХӘҚҚ Вице-президенті

Марсело Аби-Рамиа Каэтано - ХӘҚҚ бас хатшысы

Жан-Марк Ванденберг - ХӘҚҚ қазынашысы

Ресми сайт https://www.issa.int/

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка