Қазақстан Республикасының Үкіметі

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;

2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы шешім қабылдайды;

3) Қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындайды;

4) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка