Басты көрсеткіштерӨлшем бірлігі20232024
Факт /бағаБекітілген/ нақтыланған жоспар12 ай ішінде Баға/факт % ауытқу (фактінің нақты жоспардан)
234567
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі%76,170,674,2105,1
Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі%201,2100154,16154,16
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы%99,9999,99100,00100,0
Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі%59,651,0070,50138,2
МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті%34,030,8034,84113,1
Директорлар Кеңесінде әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру үлесі% 30,0040,00133,3
Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы - әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру коэффициенті% 30,0050,00166,7

2024 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін орындалуы бойыншатүсіндірме жазба

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2024 жылға жоспарлы көрсеткіші – 70,6%.

Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) сайтында жарияланған соңғы 12 айдағы  деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .

Статистика бюросының 2025 жылдың 1 қантар айындағы бағалау деректері бойынша соңғы 12 айда жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 9 214,2 мың адамды құрады.

2025 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушылардың саны 6 837 мың адамды құрады.  

Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 74,2% (6837×100 / 9214,2) құрады.  

Орындалуы – 105,1%.

«Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2023-2026 жылдары ҚР бойынша жылына 2 500-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2024 жылға – 100%.

За 12 месяцев 2024 жылдың 12 ай ішінде ақпараттық - түсіндіру жұмысы (бұдан әрі – АТЖ) шеңберінде Қор МӘСЖ  жылына кемінде 2 500 іс-шара жоспарлы көрсеткішімен 3854 іс-шара өткізді. Өткізілген АТЖ іс-шараларына қатысқан жұмыскерлердің жалпы саны 87 531 адамды құрады.

Көрсеткіштің орындалуы – 154,16%. (3854*100/2500 = 154,16%).

Бұл көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі ұйымдардың бухгалтерлері үшін онлайн және офлайн форматтарда АТЖ өткізумен байланысты:

1 ең төменгі жалақының мөлшерінен кем табыстан ӘТ төлеуге жол беретіндер;

- тоқсанына 3 және одан да көп рет әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асыратын;

- әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар.

«Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2024 жылға – 99,99%.

2024 жылы 12 ай ішінде МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 948  127 алушыға көрсетілді. Қызметтер заңнамада көзделген мерзімде көрсетілген.  

Орындалуы - 100% құрады.

«Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2024 жылға – 51%.

2024 жылы 12 ай ішінде МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 948 127 құрады, оның ішінде электрондық форматта- 668 162, немесе 70,5%.

Орындалуы - 138,2% құрады.

«МӘСҚ-нан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті» жоспарлы көрсеткіші, 2024 жылға – 30,8%.

2024 жылы 12 ай ішінде тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады. Осы әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кірістің орташа айлық мөлшері 173 362,54 теңге деңгейінде қалыптасты. Кірісті алмастыру коэффициенті 34,84% құрады.

Орындалуы – 113,1%.

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну" жоспарлы көрсеткіші 1 қызмет.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну ҚР заңнамасына сәйкес уақтылы жүзеге асырылады.

Орындалуы – 100%.

"Директорлар Кеңесінде әйелдер үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші 2024 жылға- 30% кем емес.

2025 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша МӘСҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесі 40% құрады (ДК мүшелерінің жалпы саны – 5 адам, оның ішінде әйелдер – 2 адам).

Орындалуы – 133,3%.

"Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы - әйелдердің үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші, 2024 жылға- 30% кем емес.

2025 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша МӘСҚ құрылымдық бөлімшелері басшыларының жалпы санындағы әйелдердің үлесі 50% құрады (құрылымдық бөлімшелердің басшыларының жалпы саны – 36 адам, оның ішінде әйелдер – 18 адам).

Орындалуы – 166,7%.

Chatbot
X
Сәлеметсіз бе!
Здравствуйте!
1 - Қазақ тілін таңдау үшін
2 - Для выбора русского языка
Наверх