2025 жылдың 12 айындағы "МӘСҚ" АҚ Даму жоспарының басты көрсеткіштерінің орындалуы
| Басты көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2024 | 2025 | ||
| Факт /баға | Бекітілген/ нақтыланған жоспар | 12 ай үшін Баға/факт | % ауытқу (фактінің нақты жоспардан) | ||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі | % | 74,2 | 70,8 | 75,2 | 106,2 |
| Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі | % | 154,16 | 100 | 128,64 | 128,64 |
| Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы | % | 100,00 | 99,99 | 100,00 | 100,0 |
| Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі | % | 70,5 | 52,00 | 71,70 | 137,9 |
| МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті | % | 34, 84 | 30,10 | 36,70 | 121,9 |
| Директорлар Кеңесінде әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру үлесі | % | 40,0 | 30,00 | 33,30 | 111,0 |
| Атқарушы органда әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру үлесі | % | - | 30,00 | 25,00 | 83,3 |
| Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы - әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру коэффициенті | % | 50,0 | 30,00 | 51,40 | 171,3 |
.
2025 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін орындалуы бойыншатүсіндірме жазба
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2025 жылға жоспарлы көрсеткіші – 70,8%.
Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) сайтында жарияланған соңғы 12 айдағы деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .
Статистика бюросының 2026 жылдың 1 қантар айындағы бағалау деректері бойынша соңғы 12 айда жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 9 300,6 мың адамды құрады.
2026 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ атысушылардың саны 6 992,7 мың адамды құрады.
Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 75,2% (6 992,7*100/9 300,6) құрады.
Орындалуы – 106,2%.
«Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2023-2026 жылдары ҚР бойынша жылына 2 500-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2025 жылға – 100%.
2025 жылдың 12 ай ішінде ақпараттық - түсіндіру жұмысы (бұдан әрі – АТЖ) шеңберінде Қор МӘСЖ бойынша жылына кемінде 2 500 іс-шара жоспарлы көрсеткішімен 3 216 іс-шара өткізді.
Көрсеткіштің орындалуы – 128,64%. (3 216*100/2 500 = 128,64%).
Анықтама. Бұл көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі ұйымдардың бухгалтерлері үшін онлайн және офлайн форматтарда АТЖ өткізумен байланысты:
- 1 ең төменгі жалақының мөлшерінен кем табыстан ӘТ төлеуге жол беретіндер;
- тоқсанына 3 және одан да көп рет әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асыратын;
- әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар.
«Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2025 жылға – 99,99%.
2025 жылы 12 ай ішінде МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 946 283 алушыға көрсетілді. Қызметтер заңнамада көзделген мерзімде көрсетілген.
Орындалуы – 100%.
«Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2025 жылға – 52%.
2025 жылы 12 ай ішінде МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 946 283 құрады, оның ішінде электрондық форматта- 678 043, немесе 71,7%.
Орындалуы – 137,9% құрады.
«МӘСҚ-нан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті» жоспарлы көрсеткіші, 2025 жылға – 30,1%.
2025 жылы 12 ай ішінде тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 72 409 теңгені құрады. Осы әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кірістің орташа айлық мөлшері 197 272,6 теңге деңгейінде қалыптасты. Кірісті алмастыру коэффициенті 36,7% құрады.
Орындалуы – 121,9%.
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну" жоспарлы көрсеткіші 1 қызмет.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну ҚР заңнамасына сәйкес уақтылы жүзеге асырылады.
Орындалуы – 100%.
"Директорлар Кеңесінде әйелдер үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші 2025 жылға- 30% кем емес.
2026 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша МӘСҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесі 33,3% құрады (ДК мүшелерінің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде әйелдер – 2 адам).
Орындалуы – 111%.
"Атқарушы органда әйелдер үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші 2025 жылға- 30% кем емес.
2026 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша МӘСҚ Басқарма құрамындағы әйелдердің үлесі 25% құрады (Басқарма мүшелерінің жалпы саны – 4 адам, оның ішінде әйелдер – 1 адам).
Орындалуы –83,3%.
"Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы - әйелдердің үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші, 2025 жылға- 30% кем емес.
2026 жылғы 1 қантардағы жағдайы бойынша МӘСҚ құрылымдық бөлімшелері басшыларының жалпы санындағы әйелдердің үлесі 51,4% құрады (құрылымдық бөлімшелердің басшыларының жалпы саны – 37 адам, оның ішінде әйелдер – 19 адам).
Орындалуы – 171,3%.