Басты көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2022

2023

Факт /баға

Бекітілген/ нақтыланған жоспар

Баға/факт     

% ауытқу (фактінің нақты жоспардан)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

%

75,3

70,4

76,1

108,1

Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі

%

210,70

100

201,2

201,2

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы

%

100

99,99

99,99

100

Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі

%

48,90

50

59,6

119,2

МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті

%

 

26,8

34,0

126,9

2023 жылдың қорытындысы бойынша  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ  2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының 4-қосымшасына

түсіндірме жазба

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2023 жылға жоспарлы көрсеткіші – 70,4%. 

Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) сайтында жарияланған соңғы 12 айдағы деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .

Статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылдың 12 айында жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 9 081,9 мың адамды құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушылардың саны 6 908,0 мың адамды құрады. 

Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 76,1% (6 908,0*100/ 9 081,9) құрады. 

Орындалуы –  108,1%.

2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген  іс-шаралардың үлесі (2023-2026 жылдары ҚР бойынша жылына 2 500-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 100%.

2023 жылы Қор МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (бұдан әрі - АТЖ) аясында 5 030 іс-шара өткізді. 

2023 жылы сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы (бұдан әрі - АТЖ) шеңберінде жылына кемінде 2 500 іс-шара жоспарлы көрсеткішпен Қор 5 030 іс-шара өткізді. Өткізілген АТЖ іс-шараларына қатысқан жұмыскерлердің жалпы саны 162 388 адамды құрады.

Көрсеткіштің орындалуы – 201,2%.

Анықтама. Аталған көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі ҚР Әлеуметтік кодексінің енгізілуіне байланысты өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кең ауқымды өткізілуіне, сондай-ақ белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерімен АТЖ жүргізу бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізілуіне байланысты.

3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 99,99%.

2023 жылы МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 901 797 алушыға көрсетілді. Мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы 99,99% құрады. 

4. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 50%.

2023 жылы МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 901 797 құрады, оның ішінде электрондық форматта- 537 137, немесе 59,6%.

Орындалуы 119,2% құрады.

5. «Қордан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға26,8%.

2023 жылы тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 47 445 теңгені құрады. Осы әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кірістің орташа айлық мөлшері 139 590,7 теңге деңгейінде қалыптасты. Кірісті алмастыру коэффициенті 34% құрады.

Орындалуы-126,9%.

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх