
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.01.2023 ж. №28 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларына сәйкес төлеуші есептелген кірістер бойынша БТ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы БТ аударылатын айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады.
БТ бойынша берешек – заңнамада белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген БТ сомалары, сондай-ақ олар бойынша төленбеген өсімпұл сомалары;
