Курманов Алмас Мухаметкаримович - «МӘСҚ» АҚ Басқарма Төрағасы.
Білімі:
1991 ж. Ленин орденді және Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград мемлекеттік университетін бітірген;
1995 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық сырттай қаржы-экономикалық институтының аспирантурасын бітірген.
1997 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген;
2018 жылы Назарбаев Университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» бағдарламасы бойынша бітірді.
Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс өтілі:
Жалпы еңбек өтілі 30 жылдан аса, әлеуметтік саладағы басшы лауазымдарда 20 жылдан аса жұмыс өтілі бар.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Қаржы, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері жүйесінде қызмет атқарған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2012), «Құрмет» орденімен (2024) марапатталған, мерейтойлық медальдары бар.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, бірқатар ғылыми жарияланымдары мен авторлық куәліктері бар.
2025 жылдың 10 қаңтарында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Басқа да лауазымдары:
2018-2023 жылдары Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Өндірістік жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі техникалық комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылдан бастап «Әлеуметтік саясат және инновациялар» журналының бас редакторы.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жунусов Биржан Уалиевич – «МӘСҚ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Білімі:
1995 ж. Жезқазған педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша; 2005 ж. Қарағанды Қаржы институтын Есеп және аудит мамандығы бойынша; 2016 ж. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша; 2020 ж. Қазақ технология және бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс өтілі:
1995 жылдан 1996 жылға дейін Жезқазған облыстық Тілдер басқармасы мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді;
1996 жылдың сәуірінен 1996 жылдың маусымы аралығында «Сарыарқа» облыстық газеті редакциясының аға тілшісі болып жұмыс атқарды;
1996 жылдан 1997 жылға дейін Жезқазған облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының зейнетақы қоры істері бойынша жетекші маманы болып жұмыс істеді;
1997 жылдан 1997 жылға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының компьютерлік қамтамасыз ету бас маманы лауазымында жұмыс атқарды;
1997 жылдан 2002 жылға дейін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Жезқазған қалалық бөлімшесінде аға маман лауазымынан төлем бөлімінің бастығы лауазымына дейін еңбек етті;
2002 жылы «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ Өкілдігінің директоры лауазымына тағайындалды;
2003 жылы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Жезқазған қалалық бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды;
2004 жылдан 2007 жылға дейін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Сәтбаев қалалық бөлімшесінің бастығы лауазымын атқарды;
2007 жылдан бастап «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары қызметіне тағайындалды;
2011 жылы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Алматы қалалық филиалының директоры болып тағайындалды;
2014 жылы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Бас директоры лауазымына тағайындалды;
2016 жылдан 2019 жыл аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды;
2019 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
2023 жылдан 2024 жылға дейін «МӘСҚ»АҚ Бас директорының Кеңесшісі қызметін атқарды;
2024 жылғы маусым айынан бастап қараша айына дейін "МӘСҚ" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды;
2025 жылғы 9 қаңтарында бастап «МӘСҚ» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Инна Саввовна Стратулат– «МӘСҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Аппарат басшысы
Білімі:
2001 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген;
2008 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша бітірген;
2009 жылы Алматы қаласындағы Тұран университетінде экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады;
Ғылыми атақтары: экономика ғылымдарының кандидаты (2009).
Жұмыс өтілі
Жалпы еңбек өтілі 27 жылдан аса, әлеуметтік саладағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 20 жылдан астам.
Еңбек жолын 1997 жылы Жезқазан қаласындағы «Жүрек» ЖШС медициналық орталығында экономисттен бастап директор лауазымына дейін атқарды.
2002 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы қызметіне қабылданды, 2010-2015 жылдар аралығында кафедра доценті қызметін атқарды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің дамуын бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2014-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2017-2020 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының шаруашылық жүргізу құқығы жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2018-2025 жылдар аралығында «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры қызметін атқарған.
2025 жылғы 18 наурызда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары – Аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жаныбеков Марат Амангельдиевич - "МӘСҚ" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
Білімі:
- Целиноград ауыл шаруашылық институты, мамандығы «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру», біліктілігі «Ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушы-экономист», аяқталатын жылы – 1992 ж.
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы, мамандығы «құқықтану», біліктілігі «заңгер».
Қосымша сертификаттар, оқу курстары:
- 2001 ж. ЕХӘҚМ ЖЗҚ қызметін реттеу жөніндегі Комитет, Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшылық лауазымдарды атқару үшін біліктілік куәлігі;
- 2006 ж. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі, Инвестициялық портфельді басқару бойынша жұмысқа жіберудің үшінші санатты біліктілік куәлігі.
Еңбек жолы:
«Есіл-Банк» ААҚ
1992 ж.-1998 ж. Басқарма Төрағасының көмекшісі, экономист, Басқарма Төрағасының орынбасары;
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
1998 ж.-1999 ж. Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша аймақтық өкілі;
«Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
1999 ж.- 2001 ж. өкілдік директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі;
«Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
2001 ж.-2004 ж. Астана қаласы бойынша филиалының директоры;
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
2004 ж.-2009 ж. Вице-президент,
2009 ж.-2013 ж. Басқарушы директор,
2013 ж.-2019 ж. Вице-президент,
2019 ж.-2024 ж. Басқарушы директор,
2024 ж. – қ.у. Бас директордың орынбасары, Басқарма Төрағасының орынбасары.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тунгышбаева Айгуль Умирзаковна – «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры.
Білімі:
1994 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының (Нархоз) Алматы қ. «қаржы және несие» факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс өтілі:
Еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Ақсу совхозында жұмысшы болып бастады;
1994 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда қаласындағы «Бірлік» акционерлік қоғамында есепші болып жұмыс істеген;
2000 жылдан 2001 жылға дейін Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген;
2001 жылдан 2003 жылға дейін Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тұрғын үй төлемдері бөлімінің жетекші маманы;
2003 жылдан 2004 жылға дейін Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің есеп және кадр жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды;
2004 жылдан 2005 жылға дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау басқармасының жетекші маманы;
2005 жылдан 2008 жылға дейін Қызылорда қаласындағы «Темір-ат Локомотив» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді;
2008 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласындағы «Теміржолэнерго» ЖШС бюджеттік жоспарлау жөніндегі экономист;
2010 жылдан 2013 жылға дейін «Теміржолэнерго» ЖШС-нің өзара есеп айырысу бөлімін басқарды;
2013 жылдан 2022 жылға дейін «Теміржолэнерго» ЖШС есеп бөлімінің бас менеджері болып;
2022 жылдан 2023 жылға дейін «Теміржолэнерго» ЖШС-де бас есепші болып толық емес жұмыс істеген;
2022 жылдан 2024 жылға дейін Астана қаласындағы «Қамқор Менеджмент» ЖШС бухгалтерлік қызметінің бас менеджері қызметін атқарған.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Андас Думан Кездікбайұлы – «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры.
Білімі:
2009 ж. Қазақ қаржы-экономикалық институтын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс өтілі:
Жалпы еңбек өтілі (әлеуметтік сала) 13 жылдан астам.
Еңбек жолын 2012 жылы РМҚК «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығында» бастап маман қызметінен бөлім басшысы лауазымына дейін жұмыс атқарды;
2016 жылдан 2021 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында бас маман лауазымында жұмыс істеді;
2021 жылдан 2023 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқармасы Аппараттың Мониторинг және әлеуметтік әріптестік департаментінің Әлеуметтік әріптестік басқармасын басқарды;
2023 жылдан 2024 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқармасы Аппараттың Мониторинг және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды;
2024 жылы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Әлеуметпен байланыс департаментінің директоры лауазымына тағайындалды;
2025 жылдың 15 қаңтарында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.