1. «Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар бар ма?
«Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына» 5-қосымшамен бекітілген.
2. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындау құқығы қашан пайда болады?
ӘТбк алу құқығы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
3. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) қандай кезеңге тағайындалады?
ӘТбк баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап немесе баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап бір жарым жасқа толған күнге дейін ай сайынғы негізде тағайындалады.
4. Екі және одан да көп бала туған кезде бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) қалай тағайындалады?
Екі және одан да көп бала туған жағдайда ӘТбк әр балаға жеке тағайындалады.
5. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындауға қанша уақытта жүгінуге болады?
ӘТбк тағайындауға өтініш беру мерзімі ӘТбк құқық туындаған күннен бастап 18 айдан аспауы керек:
- баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен;
- бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған күннен бастап.
6. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді (ӘТбк) тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?
ӘТбк мынадай құжаттар негізінде тағайындалады:
1) жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисіненэлектрондық құжат, жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):
1) консулдық заңдастыру не арнайы мөртабан (апостиль) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркегенін растайтын құжат;
2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген құжаттардың баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлігі (куәліктері) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
3) бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған кезде – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді;
4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Өтінішті және құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – АЖ) сұраулар қалыптастырады:
1) «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша;
2) екінші деңгейдегі банктердің АЖ-на банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
3) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу» АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы, баланы (балаларды) асырап алу туралы, неке қию туралы мәліметтерді қамтыған анықтама немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан неке туралы (алынған мәліметтерде ата-аналардың тегі ауысқан кезде) баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтитын анықтама не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама бойынша мәліметтер қоса беріледі.
АЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, тиісті құжаттар өтінішке қоса беріледі.
7. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) тағайындауға өтініш қайда беріледі?
ӘТбк тағайындауға құқығы бар адамдар:
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жеке басты куәландыратын құжатпен;
немесе
-«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
немесе
- екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері (Kaspi, Halyk, BCC мобильді қосымшалары) арқылы өтінішпен жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі электронды үкіметтің порталында (egov.kz) тіркеген кезде sms-хабарлама жолымен 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет алушының келісімін алған жағдайда проактивті қызмет көрсетіледі. Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
8. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) қанша уақыт ішінде тағайындалады?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы ӘТбк тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген жағдайда ӘТбк тағайындау мерзімі төрт жұмыс күнін құрайды.
МӘСҚ ӘТбк тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы.
Бұл peттe өтініш берушіні әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, бiр айдан аспайтын мерзiмде, Мемлекеттік корпорация арқылы жазбаша немесе электронды нысанда хабардар етеді. Егер ӘТбк тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық іс макетіне (бұдан әрі - ЭІМ) қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттігі анықталса, Қор филиалы ЭІМ-ді ӘТбк тағайындауға арналған құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады. Жете ресімдеу мерзімі Қордың филиалы ЭІМ жете ресімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі Қор филиалынан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні:
өтініш беруші жеке өзі жүгінген кезде құжаттарға тексеру жүргізу туралы немесе құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарламаны тапсыру арқылы;
АЖ-да өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі болған кезде ұялы телефонына
sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
9. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем (ӘТбк) мөлшері қалай анықталады?
ӘТбк мөлшері мына формула арқылы анықталады:
ӘТбк = ОАК * КАК, мұндағы:
ОАК – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кіріс мөлшері бала туған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішіндегі кірісітің орташа айлық мөлшері;
ОАК = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:
АК - әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірістерді, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегергендегі кіріс).
КАК – кірісті алмастыру коэффициенті 0,4-ті құрайды.
Мысал
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыда бала туғанға дейін 2 жыл бойы:
бірінші жылы еңбекақысы – 150 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 150 000 теңге – 15 000 теңге = 135 000 теңге),
екінші жылы еңбекақысы - 200 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 200 000 теңге – 20 000 теңге = 180 000 теңге) болды дейік.
Әрбір ай үшін кірістер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен ӘА есептеу объектісі негізінде айқындалады.
24 айдағы кіріс сомасы: 12 ай. * 135 000 теңге + 12 ай * 180 000 теңге = 3 780 000 теңге.
Алынған сома 24: СМД бөлінеді = 3 780 000 теңге / 24 = 157 500 теңге.
Табысты алмастыру коэффициенті (КЗД) = 0,4
ӘТбк = ОАК * КАК = 157 500 теңге * 0,4 = 63 000 теңге
Аталған сомадан 10% МЗЖ жарнасы 6 300 теңге ұсталып, алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады. Егер алушының 1 немесе 2-топтағы мерзімсіз мүгедектігі болса, онда МЗЖ оның келісімімен ұсталады.
Алушының банктік шотына ӘТбк = 63 000 теңге – 6 300 теңге = 56 700 теңге ай сайын аударылатын болады.
10. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің (ӘТбк) ең жоғары мөлшері белгіленген бе?
ӘТбк ең жоғарғы мөлшері 2025 жылы 238 000 теңгеден аспауы керек (әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 %).
ӘТбк 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталатынын және алушының Б Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылатынын ескертеміз.бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына» 5-қосымшамен бекітілген.
11. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері белгіленген бе?
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ӘТбк ең төменгі мөлшері:
- бірінші балаға –5,76 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 22 649 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 867 теңге;
- төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК = 3 932 теңге.
Бұл сомаға қосымша МӘСҚ қаржысы есебінен 10% міндетті зейнетақы жарнасы алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.
12. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша, қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген, алушының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген жағдайларда әлеуметтік төлем кімге жүзеге асырылады?
Тағайындалған ӘТбк сомасы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне берілген жағдайды қоспағанда баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі.
13. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?
ӘТбк мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) әлеуметтік төлемді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк кері оралған алушыға:
кеткен елінде төлем алынбаған жағдайда – төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап;
кеткен елінде төлем алынған жағдайда – кеткен елінде төлем тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
3) ӘТбк алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
5) ӘТбк алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындаған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
6) ӘТбк алушы болып табылатын хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының тоқтатылуын немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісінің күшіне енгенін растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы болып тағайындалған адамға төлем тоқтатыла тұрған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
7) ӘТбк алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
8) өтініш берушінің ӘТбк мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.
14. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТбк) қашан тоқтатылады?
ӘТбк мынадай негіздер бойынша:
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, бала асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған ай өткен соң;
3) ӘТбк алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТбк өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) ӘТбк алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТбк ол тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.