1.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар бар ма?
"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына" 3-қосымшасымен бекітілген..
2.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) тағайындауға құқық қашан туындайды?
ӘТаа тағайындауға құқық – қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап не соттың азаматты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап не соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап туындайды.
3.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) алуға кімдер құқылы?
Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:
1)18 жасқа толмаған және егер олар 18 жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылса, осы жастан асқан балалардың, оның ішінде асырап алған балалардың, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалуға және оны алуға құқығы бар.
Бұл ретте аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) мен немерелері – егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса немесе олар ата-аналарынан алименттер алмайтын болса.Көрсетілген он сегіз жастан асқан: академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын немесе оқыған адамдардың оқу бітірген уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай ӘТаа тағайындалуына және оны алуға құқығы бар; бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдардың мүгедектікті белгілеу мерзіміне ӘТаа тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;
2)егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, бауырларын, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірінің немесе жұбайының (зайыбының) не атасының, әжесінің, аға-інісінің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) ӘТаа тағайындалуына және оны алуға құқығы бар.
4.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) кімге тағайындалады?
Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, ӘТаа тағайындалуына және оны алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған)
асыраушының асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның әлеуметтік төлемінің үлесі бөлінеді және оған бөлек төленеді.
5.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) алушылардың біреуіне үлес бөлу қалай жүзеге асырылады?
ӘТаа үлесін бөлу МӘСҚ-на жүгінген күннен бастап жүргізіледі.
6.Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) қандай мерзімге тағайындалады?
Бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдардың мүгедектікті белгілеу мерзіміне тағайындалады.
7.Егер балалар ата-анасының екеуінен де айырылса асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) қалай тағайындалады?
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы ата-аналарының екеуі де қайтыс болған жағдайда ӘТаа әрбір айырылып қалған ата-анасы үшiн бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жүргізіледі.
8.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) өтініш жасау мерзімі қандай?
ӘТаа тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды.
9. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) тағайындау үшін қандай құжаттар керек?
ӘТаа мынадай құжаттар негізінде тағайындалады:
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
- сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
- қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер;
- жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар немесе білім алушылар болып табылатыны туралы анықтамалар (жыл сайын жаңартылады). Білім алушының академиялық демалыста болуы білім беру ұйымының анықтамасымен расталады;
- қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
- асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;
Өтінішті және құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – АЖ) сұрау салулар қалыптастырады:
- «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» АЖ өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша;
- екінші деңгейдегі банктердің АЖ-ға банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бойынша;
- «АХАТ» АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, не туу туралы, баланы (балаларды) асырап алу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын, некеге тұру туралы анықтама не неке туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын, асыраушының қайтыс болуы (сот хабарсыз кетті деп немесе қайтыс болды деп жариялаған) туралы, не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама бойынша;
- «ҰБДҚ» АЖ-ға асырауындағылардың күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта білім беру, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуы туралы мәліметтер бойынша;
- «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған банкі» АЖ-ға куәландыруды және мүгедектік тобын белгілеуді жүргізу туралы (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан үлкен балалар, оның ішінде асырап алынған аға, іні, сіңлі, қарындастары бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам деп танылған жағдайда);
- «е-Қамқорлық» АЖ-ға балаға қамқоршылық және қорғаншылық туралы анықтама бойынша мәліметтер қоса беріледі.
АЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, мәліметтер өтінішке қоса беріледі.
10. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) тағайындау үшін өтініш қайда беріледі?
ӘТаа тағайындауға жеке басын куәландыратын құжатпен және өтінішпен:
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы
немесе
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі электронды үкіметтің порталында тіркеген кезде sms-хабарлама жолымен 3 күнтізбелік күн ішінде келісімі болғанда проактивті қызмет ұсынылады. Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
Бұл ретте, ӘТаа үлесіне құқығы бар адам қалалық, аудандық Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне жүгінеді.
11. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) қанша уақытта тағайындалады?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ӘТаа тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі төрт жұмыс күнін құрайды., МӘСҚ әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге 4 жұмыс күні ішінде мәліметтер сұрайды.
Бұл ретте ӘТаа тағайындау және шешім қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы шешім қабылдауда болған кідіріс туралы, бірақ электрондық іс макетін тексеруге жіберген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге өтініш берушіге Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық іс макетіне (бұдан әрі – ЭІМ) қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттігі анықталса, Қор филиалы ЭІМ-ді әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады. Жете ресімдеу мерзімі МӘСҚ филиалы ЭІМ жете ресімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күннен аспайды.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі МӘСҚ электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді:
- өтініш беруші құжаттарды тексеру туралы немесе құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарламаны тапсыру арқылы өзі жүгінген кезде;
- ақпараттық жүйеде өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі болған кезде
ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы.
12. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) мөлшері қалай анықталады?
Ай сайын төленетін ӘТаа мөлшері мынадай формуламен анықталады:
ӘТаа = (ОАК- 50% ЕТЖ) * КАК * ҚӨК* АСК, мұндағы:
ОАК – асыраушы қайтыс болған айдың алдындағы соңғы 24 айдағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кірісі;
ОАК = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:
АК - әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегерілген кіріс)
ЕТЖ – ӘТаа құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы
заңда белгіленетін ең төмен жалақының мөлшері; КАК - кірісті алмастыру коэффициенті 0,6 құрайды;;
АСК – асырауындағылар санының коэффициенті:
асырауында бір адам болса – 0,5,
асырауында екі адам болса – 0,65,
асырауында үш адам болса – 0,8,
асырауында төрт және одан көп адам болса – 1,0;
ҚӨК – қатысу өтілінің коэффициенті:
6 айдан кем болғанда - 0,1-ді;
6 айдан 12 айға дейін - 0,7-ні;
12 айдан 24 айға дейiн - 0,75-ті;
24 айдан 36 айға дейiн - 0,85-ті;
36 айдан 48 айға дейiн - 0,9-ды;
48 айдан 60 айға дейiн - 0,95-ті;
60 айдан 72 айға дейін - 1,0-ді құрайды;
60 және одан да көп айға –1,0-ге МӘСЖ қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды.
Қатысу өтілі 72 және одан да көп айды құраса, ҚӨК мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚӨК = 1,0+0,02 * ТҰТАС ((Аәа-60 ай) / 12 ай), мұндағы
1,0 – ҚӨК қатысу өтілі алпыс айдан жетпіс екі айға дейін;
Айырмашылықты бөлуден ТҰТАС (Аәа – 60 ай) 12 айға – бес жылдан асатын қатысу өтілінен кейін әрбір жыл үшін 0,02 мәні қолданылатын толық жылдар саны.
Аәа – әлеуметтік аударымдар түскен күнтізбелік айлардың жалпы саны.
Мысал:
85 ай қатысу өтілімен және үш асырауындағымен жүйеге қатысушының екі жыл ішінде қайтыс болған күнге дейін:
бірінші жылы еңбек ақысы – 150 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі 150 000 теңге – 15 000 теңге = 135 000 теңге),
екінші жылы еңбек ақысы – 200 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі 200 000 теңге – 20 000 теңге = 180 000 теңге).
Әрбір ай үшін кірістер МӘСҚ-на түскен ӘА есептеу объектісі негізінде айқындалады.
2 жылдағы кіріс сомасы: 12 ай. * 135 000 теңге + 12 ай. * 180 000 теңге = 3 780 000 теңге.
Алынған соманы 24 айға бөлеміз: ОАК = 3 780 000 теңге / 24 = 157 000 теңге.
АСК = 0,8
КАК = 0,6
ҚӨК = 1+ ((85 - 60)/12) толық жыл * 0,02 = 1,04;
ӘТаа = (ОАК- 50% ЕТЖ) * КАК * ҚӨК* АСК =
(157 500 тенге - 50% * 70 000 тенге) * 0,8 * 0,6 * 1,04 = 61 152 теңге
Банктік шотқа ӘТаа = 61 152 теңге ай сайын аударылатын болады.
01.01.2025 ж. бастап ЕТЖ – 85 000 теңге.
13. Қандай жағдайларда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге (ӘТаа) қайта есептеу жүргізіледі?
Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, МӘСҚ ӘТаа қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe ӘТаа мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше артады немесе азайтылады.
14. Асырауындағылар саны артқан жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді (ӘТаа) қайта есептеу қалай жүргізіледі?
Асырауындағы адамдар саны ұлғаю кезінде ӘТаа мөлшерін қайта есептеу әлеуметтік төлемді алушының, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің жазбаша өтініші негізінде:
- жалпы орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан анықтама ұсынған кезде оқу кезеңінің басталу күнінен;
-қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасының мүшесін әлеуметтік төлем алушының асырауындағылардың құрамына қосқан кезде асыраушы қайтыс болған күннен бастап (асыраушы қайтыс болғаннан кейін туған кезде, баланың туған күнінен ерте емес) жүргізіледі. Әлеуметтік төлемнің үлесін бөлуге құқығы бар адамдарға әлеуметтік төлем мөлшерін қайта есептеу жазбаша өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.
15. Асырауындағылар саны азайған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді (ӘТаа) қайта есептеу қалай жүргізіледі?
Асырауындағы адамдар саны азайған кезде ӘТаа мөлшерін қайта есептеуді мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан мәліметтер алу жолымен жүргізіледі. уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған .
Өтініш беруші асыраушысынан айырылған адамдар үшін әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған сәттен бастап, бірақ олар тағайындалған сәттен ерте емес қайта қаралады. ӘТаа жаңа мөлшері ӘТаа ағымдағы мөлшерін асырауындағы адамдар санының ағымдағы коэффициентіне бөлу және нәтижені жаңадан .
белгіленген асырауындағы адамдар санының коэффициентіне
көбейту арқылы есептеледі.
16. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?
ӘТаа мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
ӘТаа алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адамға шығу елінде төлем алмаған жағдайда ӘТаа тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алуға жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа ӘТаа қайта басталады.
Бұл ретте ӘТаа Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кету кезеңінде ӘТаа арттыру жүргізілсе, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.
Шығу елінде төлемдерді алған болса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда ӘТаа жүгінген күннен бастап, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде қайта басталады;
3) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
5) алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) Алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
7) он сегіз жастан асқан алушыны (асырауындағы адамды) білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;
8) алушының қайтыс болуы (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі) туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа қамқоршы (қорғаншы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
9) алушыны ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, баланы асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға ӘТаа тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде ӘТаа ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулердің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
10) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қамқоршыны (қорғаншыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға немесе қамқоршы (қорғаншы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
11) хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының келіп түсуі немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі екені расталса, ӘТаа тоқтатылады, расталмаған жағдайда – әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
12) өтініш берушінің ӘТаа мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтер бергені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТаа тоқтатыла тұрған күннен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.
17. Оқушыларға немесе оқытудың күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) төлеу қалай қайта басталады?
Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан отбасы мүшелері білім алушылар немесе күндізгі оқу нысаны бойынша студент болып табылатыны туралы анықтаманы ұсынған кезде әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған сәттен бастап, бірақ жалпы орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан берілген анықтамада көрсетілген оқу кезеңінің басталу күнінен кешіктірмей жазбаша өтініштің негізінде қайта басталады.
18. Бала күнінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) қалай жалғастырылады?
Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезден бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамдарға қайта куәландыру кезінде, ӘТаа қайта куәландыру күнінен қайта басталады.
19. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТаа) қашан тоқтатылады?
ӘТаа:
1) алушының ӘТаа тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТаа оның тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
2) алушының ӘТаа тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТаа өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған жалғыз адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТаа қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;
4) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамды еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда, ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
20. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің (ӘТаа) мөлшері жыл сайын арттырылып отыра ма?
Жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ӘТаа алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көзделген мөлшерде ӘТаа мөлшері арттырылады.