Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады.

Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Заңымен белгіленеді.

Қордың бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

"Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне берілді.