
МӘСЖ қатысушысына ӘА жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты беру «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.06.2020 ж. № 224 бұйрығының 3-қосымшасы ) (бұдан әрі - Қағидалар).
Порталдан онлайн қызметті алу үшін www.eGov.kz пайдаланушысымен тіркелуіңіз қажет. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысуға болады.
ӘА жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басты куәландыратын құжатпен (жеке басын сәйкестендіру үшін) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.(3-қосымшаны жүктеу)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемқызмет стандартына (Мемқызмет стантартына) сай беріледі. (4-қосымшаны жүктеу)
Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын мемқызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемқызметті беру ерекешеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемқызмет стандартында көрсетілген.(2-қосымшаны жүктеу)
