Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару бойынша сұрақтарға жауап

1. Төлеушіге артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтарудың тәртібі бар ма?

Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №229 бұйрығымен бекітілген, Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

2. Төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтару үшін қайда жүгінеді?

Әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін төлеушіге Қағидалармен бекітілген нысан бойынша өтініш пен құжаттарды қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жолдау қажет.  

Сонымен бірге, өтінішті және құжаттарды электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz)арқылы тапсыруға болады.

3. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтару үшін қажетті құжаттар тізімі?

Қажет болған жағдайда өтінішке Қағидаларда көзделген жағдайлар бойынша мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталғанын/тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

2) шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның көшірмелері (910.00-нысан).  

Осы 2) тармақшада көрсетілген құжат болмаған кезде, бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары берген әлеуметтік төлемдер бойынша салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме;

3) патент құны есебінің көшірмелері (911.00-н.).  

Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде Салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме қоса беріледі.

Төлеушінің деректемелері өзгерген кезде растайтын құжаттың көшірмесін қоса беру қажет.

4. Қандай жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтаруға өтініштерді Мемлекеттік корпорация төлеушіге қайтарады?

Мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттармен төлеушіге келесі жағдайлардың бірінде:

1) егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдардың есепке жатқызылу фактісi расталмаса;

2) қызмет көрсетуге бұрын берілген өтініші қаралып жатқан, не ол бойынша артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару жүзеге асырылса;

3) көрсетілетін қызметті алушының өтініші толық немесе дұрыс толтырылмаған, оның ішінде:

- Қағидаларға 1-қосымшаның нысанына сәйкес келмесе;

- өтініште бірнеше себеп таңдалса;

- төлем құжатының деректемелері сәйкес келмесе;

- төлеушінің байланыс деректері толтырылмаса;

4) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару үшін төлеушінің банктік деректемелері жарамсыз болса;

5) негізгі талаптар тізбесінде көзделген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтару себебін растайтын құжаттар қоса берілмесе;

6) Әлеуметтік Кодекстің 78-бабы 4-тармағына, 85-бабы 4-тармағына, 118-бабы 4-тармағына, 181-бабы 2-тармағына, 240-бабы 3-тармағына сәйкес, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ескерілген кезең үшін есептелген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын;

7) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаса көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

5. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қандай мерзімде қайтарады?

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) оны кейiннен төлеушiге аудару үшiн МӘСҚ-ға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап 10 жұмыс күн iшiнде Мемкорпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады.

6. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомасы қандай жағдайларда қайтаруға жатпайды?

МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтарудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

- көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомалары МӘСҚ міндетті түрде төленуге жатса;

- Кодекстің 78-бабы 4-тармағына, 85-бабы 4-тармағына, 118-бабы 4-тармағына, 181-бабы 2-тармағына, 240-бабы 3-тармағына сәйкес, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ескерілген кезең үшін есептелген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары;

- құжаттар қайтару себептерін растамайтын болса.

7. Қайтарудан бас тарту себептері туралы ақпаратты төлеушіге кім хабарлайды?

Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтарудан бас тартқан кезде МӘСҚ қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (өсімпұлдарды қайтарудан бас тарту туралы алдын ала хабарлама жібереді.

Алдын ала бас тарту туралы хабарламаны:

- портал арқылы – порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" және өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының нөміріне sms-хабарлама арқылы;

- Мемлекеттік корпорация арқылы – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген ұялы байланысының абоненттік құрылғысының нөміріне sms-хабарлама арқылы жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала бас тарту бойынша қарсылықтарын МӘСҚ оны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдайды.

8. Төленген және қайтарылған әлеуметтік аударымдар сомасы туралы мәліметтердің сақталуын кім қамтамасыз етеді?

Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және өсімпұлдар сомалары туралы, оның iшiнде қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес электрондық немесе қағаз жеткізгіште заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх