2024 жылдың 23 шілдесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында тақырыптық оқу өткізді.

Презентацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасының кезең-кезеңімен дамуы атап көрсетілді. Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың төрт пакетін егжей-тегжейлі түсіндіріп, оларды жетілдіру бойынша әзірленіп жатқан шараларды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тармақтарын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның қатысуын арттыруға және елдегі бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» және «Бизнеске жол» жобаларына ерекше назар аударылды.

Оқудың соңында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау кезінде отбасына тиетін қауіп туралы тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

image-23-07-24-12-52-2

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх