2025 жылдың 29 мамырында «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңа архитектурасы: цифрландыру, демографиялық және актуарлық болжамдар» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ.
Іс-шараның негізгі мақсаты – демографиялық өзгерістерді, актуарлық есептеулерді және жүйенің тиімділігін, ашықтығын және тұрақтылығын қамтамасыз ететін цифрлық шешімдерді енгізуді ескере отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылау болды.
Дөңгелек үстелге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Мемлекеттік зейнетақы жүйесін дамыту және актуарлық-статистикалық талдау ғылыми-зерттеу орталығының, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және эксперттік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары, демографиялық факторлардың және халықтың денсаулық жағдайының әлеуметтік сақтандырудың қаржылық орнықтылығына әсері, актуарлық болжау, әлеуметтік сақтандыру процестерін цифрландыру, сондай-ақ халықаралық тәжірибелер талқыланды.
29.05.2025ж.