Қор қаржылық мониторинг органдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде
Әлеуметтік масылдықты жою және әлеуметтік төлемдердің атаулылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар аясында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (Қор) құқық қорғау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды кеңейтуде.
Осы бағыттағы Қор қызметінің маңызды тетіктерінің бірі – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) аумақтық департаменттерімен өзара ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдар жасау.
Қазіргі уақытта мұндай құжаттар Қор мен Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы бойынша ҚМА-ның аумақтық департаменттері арасында жасалды.
Жасалған меморандумдар аясында Қор мен ҚМА құрылымдарының өзара іс-қимылы қажетті ақпарат пен тәжірибе алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ әлеуметтік алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.