«МӘСҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 244-бабына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі-әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің - 5 %;
- арнаулы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың арнаулы мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі Орындаушының өзінің таңдауы бойынша әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 1% немесе 5% мөлшерінде айқындалады;
- бірыңғай төлем құрамындағы әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің - 4,5 % болатынын хабарлайды.
Әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін 5%-дан 3,5%-ға дейін уақытша төмендету 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болғанына қосымша назар аударамыз.