2026 жылдың 2 айында МӘСҚ-дан 726 мыңнан аса адам 136,1 млрд. теңгеге әлеуметтік төлемдер алды

19 Наурыз 2026
2026 жылдың 2 айында МӘСҚ-дан 726 мыңнан аса адам 136,1 млрд. теңгеге әлеуметтік төлемдер алды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады.

2026 жылдың 2 айында МӘСҚ-дан 726 мыңнан аса адам жалпы сомасы 136,1 млрд. теңгеге әлеуметтік төлемдер алды, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20% төмен.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушыға бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-дан тағайындалатын төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін медициналық-әлеуметтік сараптама белгілеген кезеңге төленеді және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.

Есепті кезеңде аталған төлемді МӘСҚ-дан 10,0 млрд. теңге сомаға 89 мың жүйеге қатысушы алды, бұл 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы деректермен салыстырғанда 18%-ға артық. Тағайындалған төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 75 993 теңгені құрады.

МӘСҚ-дан асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем жүйеге қатысушының асырауында болған тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-дан тағайындалатын төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындарға 23 жасқа толғанға дейін төленеді.

2025 жылдың 2 айында асыраушысынан айырылған 63,7 мың отбасы аталған төлемді МӘСҚ-дан 7,6 млрд. теңге сомасына алды, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық. Тағайындалған төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 74 039 теңгені құрады.

МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады. Оны тағайындаудың негізгі шарты – жүйеге қатысушының жұмыссыз ретінде тіркелуі. Тіркелу арқылы қатысушы әлеуметтік төлемді тағайындау құқығына ие болады. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және жүйеге қатысу өтіліне байланысты болады.

Есепті кезеңде аталған төлем 24,6 млрд. теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 157,2 мың жүйеге қатысушы алды, бұл 2025 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 17%-ға көп. Тағайындалған төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 84 609 теңгені құрады.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.

Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Есепті кезеңде аталған біржолғы төлемді 30,8 мың болашақ ана жалпы сомасы 29,7 млрд. теңгеге алды, бұл 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында жүзеге асырылған сомамен салыстырғанда 2 есе кем. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 158 107 теңгені құрады.

МӘСҚ-дан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылдың 2 айында бұл төлем 386,0 мың адамға 64,1 млрд. теңге сомасында жүргізілді, бұл 2025 жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда 13%-ға кем. Төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 78 394 теңгені құрады.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қосымша деңгей есебінен жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка