«DIGITAL NAURYZ» IT-бағдарламасы: әлеуметтік саладағы цифрлық шешімдер

18 Наурыз 2026
«DIGITAL NAURYZ» IT-бағдарламасы: әлеуметтік саладағы цифрлық шешімдер

IT-программа «DIGITAL NAURYZ»: цифровые решения в социальной сфере

С 16 по 20 марта 2026 года в рамках празднования декады «Наурызнама» Министерство труда и социальной защиты населения РК (МТСЗН) проводит профильную IT-программу «DIGITAL NAURYZ».

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Министрлік, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (Қор).

Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік орган жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізу. Бес күн бойы әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлері үшін бейінді IT сарапшылардың қатысуымен мамандандырылған білім беру және практикалық сессиялар ұйымдастырылады.

Бағдарлама аясында ағымдағы жылдың 18 наурызында Қор қатысушыларды:

- артық төленген (аударылған) әлеуметтік төлемдер сомаларын, сондай-ақ алушылармен олардың өтелуін есепке алуға арналған бағдарламалық өніммен;

- Қордан әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау бойынша жүзеге асырылған жобасымен;

- мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті қолданумен таныстырды.

Қатысушылар іс жүзінде Қорда жасанды интеллектті қолдану әлеуметтік төлемдерді тағайындау үдерістерін жеделдетуге, адами факторды азайтуға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға және әлеуметтік төлемдердің негізділігіне бақылауды күшейтуге қалай ықпал ететінін көрді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка