АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ
- өлім туралы куәлікте немесе өлім туралы хабарламада көрсетілген күннен бастап, не соттың жүйеге қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап.
- «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz);
- «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не азаматтық хал актілерін тіркеу жазбаларындағы туу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама) – сәйкестендіру үшін;
- марқұммен туыстық байланысын растайтын құжаттар немесе мәліметтер;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан 18 жастан 23 жасқа дейінгі жастағы отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысанында оқитыны (оқығаны) туралы анықтамалар;
- қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжат.
* Құжаттарды ұсыну мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Проактивті қызмет адамның АӘӘТ тағайындатуға құқығы пайда болған кезде, өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеуі негізінде көрсетіледі.
Өтініш беруші үш күнтізбелік күн ішінде келісім бермеген жағдайда проактивті қызмет көрсетілмейді.
АӘӘТ = (ОАК – ЖТМ-нің 50 %) × КАД × КТӘ × ҚҚҰ
ОАК – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған орташа айлық табыс, соңғы 24 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдар бойынша үзілістердің болуына қарамастан) АӘӘТ-қа құқық пайда болған айға дейінгі әлеуметтік аударымдар жасалған табыстар сомасын 24-ке бөлу арқылы есептеледі.
ЖТМ – республикалық бюджет туралы заңда АӘӘТ-қа құқық пайда болған күнге белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері. 2025 жылы ЖТМ = 85 000 теңге.
КАД – табысты ауыстыру коэффициенті = 0,6.
КТӘ – асырауындағы адамның санына байланысты коэффициент: бір асырауындағы адам болғанда – 0,5; екеуінде – 0,65; үшеуінде – 0,8; төртеу және одан көп – 1,0.
ҚҚҰ – жүйедегі қатысу қызметінің коэффициенті:
| Жүйеге қатысу қызметі | ҚҚҰ |
|---|---|
| 6 айға дейін | 0,1 |
| 6 айдан 12 айға дейін | 0,7 |
| 12 айдан 24 айға дейін | 0,75 |
| 24 айдан 36 айға дейін | 0,85 |
| 36 айдан 48 айға дейін | 0,9 |
| 48 айдан 60 айға дейін | 0,95 |
| 60 айдан 72 айға дейін | 1,0 |
| 60 ай және одан жоғары | 1,0-ге әрбір 12 ай үшін 2% қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды |
АӘӘТ-тан ұстап қалулар жүргізілмейді, асыра төленген (артық аударылған) АӘӘТ сомаларын қоспағанда, олар алушының өтініші негізінде төленуге жататын сомалардан ұсталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 8 жұмыс күні;
- «электрондық үкімет» (egov.kz) порталы немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 4 жұмыс күні.
АӘӘТ ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоса алғанда, ақпарат түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мына жағдайларда тоқтатылады:
- алушының банк шоты бойынша үш және одан да көп айға шығыс операцияларының болмауы. Бұл жағдайда АӘӘТ тоқтатылған күннен бастап қалпына келтіріледі;
- алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұрақты тұруға қоныс аударуы. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, АӘӘТ алушы болып табылған және қайтып келген адамға, егер ол шетелде төлем алмаса, АӘӘТ төлемі тоқтатылған күннен бастап, бірақ төлем алу үшін жүгінгенге дейінгі үш жылдан аспайтын кезең үшін қалпына келтіріледі. Бұл ретте АӘӘТ Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан сәтте анықталған мөлшерде қалпына келтіріледі. Егер кету кезеңінде АӘӘТ мөлшері арттырылса, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып айқындалады. Елден тыс жерде төлем алғанда, АӘӘТ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға тіркелген күннен бастап жүгіну күніне қарай мөлшерде қалпына келтіріледі;
- опекун (қамқоршы) болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түріндегі сотталғандығына байланысты. Бұл жағдайда АӘӘТ опекун (қамқоршы) болып тағайындалған адамға төлемді тоқтату күнінен бастап төленеді;
- шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі. Бұл жағдайда АӘӘТ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қалпына келтіріледі;
- әлеуметтік төлем алушысына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу немесе оның хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы растайтын құжаттың болуы. Бұл жағдайда АӘӘТ адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімін жою туралы сот актісінің заңды күшіне енген күнінен бастап, бірақ тоқтату күнінен ерте емес, қалпына келтіріледі;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңында көзделген негіздер бойынша алушының Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуы. Бұл жағдайда АӘӘТ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қалпына келтіріледі;
- 18 жастан асқан алушыны (асырауындағы адамды) оқу орнынан шығару немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру. Бұл жағдайда АӘӘТ білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанымен оқу қайта басталған күннен бастап қалпына келтіріледі;
- алушының қайтыс болуы (оны қайтыс болды деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі). Бұл жағдайда АӘӘТ төлемді тоқтату күнінен бастап тағайындалған опекунға (қамқоршыға) төленеді;
- алушыны ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу, асырап алу (қорғаншылық) туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оны жою. Бұл жағдайда АӘӘТ төлемді тоқтату күнінен бастап тағайындалған опекунға (қамқоршыға) төленеді. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген жағдайда АӘӘТ ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе оларды шектеуді жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қалпына келтіріледі;
- Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда опекунды (қамқоршыны) өз міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету. Бұл жағдайда АӘӘТ опекун (қамқоршы) болып тағайындалған тұлғаға немесе опекун (қамқоршы) мәртебесін қалпына келтірген тұлғаға төлемді тоқтату күнінен бастап төленеді;
- хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп танылған адамдардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары түскен кезде, не азаматтың тірі екендігін растайтын мәліметтердің келіп түсуі. Азаматтың тірі екендігі расталған жағдайда әлеуметтік төлем тоқтатылады, расталмаған жағдайда АӘӘТ төлемді тоқтату күнінен бастап қалпына келтіріледі;
- алушы ұсынған, АӘӘТ мөлшерін негізсіз айқындауға әкеп соққан сенімсіз мәліметтер болған кезде. Бұл жағдайда АӘӘТ мөлшері осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын мөлшерде, төлемді тоқтату күнінен бастап қалпына келтіріледі.
АӘӘТ «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш беру негізінде, АӘӘТ-ты тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлардың жойылғанын растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттар мен (немесе) мәліметтер негізінде, күтім бойынша әлеуметтік төлемге құқық сақталған кезде қалпына келтіріледі.
АӘӘТ тоқтатылады:
- асыраушысынан айырылған (сот оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таныған) адамның асырауында болған жалғыз адамның қайтыс болуы жағдайында. Бұл жағдайда АӘӘТ алушының қайтыс болған айына дейін (оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енген айына дейін) қоса төленеді;
- медико-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің асыраушысынан айырылған (сот оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таныған) адамның асырауында болған жалғыз адамды еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған кезде. Бұл жағдайда АӘӘТ ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
- асыраушысынан айырылған (сот оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таныған) адамның асырауында болған жалғыз адамға мүгедектік белгілеу мерзімі аяқталған кезде. Бұл жағдайда АӘӘТ мүгедектік белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады;
- әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған, алушы ұсынған жалған құжаттар (мәліметтер) болған кезде. Бұл жағдайда АӘӘТ оның тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
- алушының әлеуметтік төлемді тоқтату туралы өтініш беруі кезінде. Бұл жағдайда әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Асырауындағы адамдар саны артқан кезде АӘӘТ мөлшерін қайта есептеу қордан асыраушысынан айырылған (сот оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таныған) адамның асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі:
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының анықтамасы ұсынылған кезде – оқу кезеңі басталған күннен бастап;
- асыраушының қайтыс болған күнінен бастап (алайда бала асыраушы қайтыс болғаннан кейін туған жағдайда – оның туған күнінен ерте емес) – асыраушысынан айырылған (сот оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таныған) адамның асырауында болған отбасы мүшесін асырауындағы адам қатарына қосқан кезде, Әлеуметтік кодекстің 239-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес.
АӘӘТ-тан үлес бөлуге құқығы бар адамдарға АӘӘТ мөлшерін қайта есептеу жазбаша өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.
Егер асыраушысынан айырылған (сот оны хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп таныған) адамның асырауында болған отбасы мүшелерінің бірі АӘӘТ тағайындату үшін өз құқығын жүзеге асырмаған болса, АӘӘТ Әлеуметтік кодекстің 239-бабы 5-тармағына сәйкес АӘӘТ бөлінген жағдайда – қорға жүгінген күннен бастап, бөлінбеген жағдайда – АӘӘТ-қа құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Бұл ретте мөлшерді қайта есептеу (қайта қарау) АӘӘТ-қа құқық туындаған күннен бастап, жүгіну сәтінде қолданыста болған есептеу параметрлері бойынша, әлеуметтік төлемді арттырулар ескерілген күйде жүргізіледі.
Асырауындағы адамдар саны азайған кезде АӘӘТ мөлшерін қайта есептеу мемлекеттік органдар мен (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде Қор филиалдарымен АӘӘТ-ты қайта есептеу туралы шешім қабылдау жолымен жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар мен (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер болмаған жағдайда асырауындағы адамдар саны азайған кезде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі Қор филиалының әлеуметтік төлем тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің жобасын қалыптастырады және оны Қор филиалына жолдайды.
Өтініш беруші асыраушысынан айырылған адамдарға арналған АӘӘТ мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, АӘӘТ мөлшерлері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ оны тағайындау сәтінен ерте емес уақыттан бастап қайта қаралады.
Жаңа АӘӘТ мөлшері қолданыстағы АӘӘТ мөлшерін қолданыстағы асырауындағы адамдар саны коэффициентіне бөлу және нәтижені жаңадан белгіленген асырауындағы адамдар саны коэффициентіне көбейту арқылы есептеледі.
АӘӘТ алушының әлеуметтік төлем мөлшерін қайта есептеу туралы өтініші негізінде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі Қор филиалының әлеуметтік төлем тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің жобасын қалыптастырады, ол Қор филиалымен бекітіледі.
Артық есептелген (төленген) АӘӘТ сомаларын қайтару банктер арқылы және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мынадай реквизиттер бойынша жүргізіледі:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Бенефициар банкісі: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
ИИК: KZ67009SS00368609110
БИК: GCVPKZ2A
БИН: 160440007161
КБЕ: 11
КНП: 047 – асыраушысынан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын көрсету міндетті).