ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТСІЗДІЛІКТЕН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жалпы еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін медициналық‑әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімшесі белгілеген күннен бастап.
- МӘС бөлімшесіне – жалпы еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде;
- eGov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына – еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі туралы деректер болған жағдайда;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына – еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі туралы деректер болған жағдайда.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш.
Өтініш беруші үш күнтізбелік күн ішінде келісім бермесе, проактивті қызмет көрсетілмейді.
ӘЖА = (ӨАД – ЕТЖ‑ның 50%) × ТАК × ҚҚҚ × ЖЕҚКК
ӨАД – әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс. Ол ӘЖА алуға құқық туған айдың алдындағы 24 күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстар сомасын (осы кезеңде үзілістердің болуына қарамастан) 24‑ке бөлу арқылы айқындалады.
ЕТЖ – республикалық бюджет туралы заңда
ӘЖА алуға құқық туған күнге белгіленген ең төменгі жалақы.
2025 жылғы ЕТЖ = 85 000 теңге.
ТАК – табысты ауыстыру коэффициенті = 0,6.
ЖЕҚКК – жалпы еңбекке қабілеттілігінен айрылу коэффициенті, еңбекке қабілеттілігінен айрылу 30%-дан 100%-ға дейінгі белгіленген дәрежесіне сәйкес келеді.
ҚҚҚ – қатысу өтілі коэффициенті:
| Жүйеге қатысу өтілі | ҚҚҚ |
|---|---|
| 6 айға дейін | 0,1 |
| 6 айдан 12 айға дейін | 0,7 |
| 12 айдан 24 айға дейін | 0,75 |
| 24 айдан 36 айға дейін | 0,85 |
| 36 айдан 48 айға дейін | 0,9 |
| 48 айдан 60 айға дейін | 0,95 |
| 60 айдан 72 айға дейін | 1,0 |
| 60 ай және одан көп | әрбір 12 ай үшін +0,02, бірақ 1,3‑тен аспайды |
Тағайындалған ӘЖА сомасынан 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) ұсталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады (егер алушы бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар тұлға болса және мүгедектік мерзімсіз белгіленген жағдайда, МЗЖ оның келісімі бойынша ұсталады).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және МӘС бөлімшесі арқылы – 8 жұмыс күні;
- «электрондық үкімет» порталы немесе ұялы байланыс құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 4 жұмыс күні.
ӘЖА келесі жағдайларда, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде, ақпарат түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
- алушының банктік шотында үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялары болмаған кезде. Мұндай жағдайда ӘЖА төлемі тоқтата тұрған күнінен бастап қайта басталады;
- алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі. ӘЖА алған және тұрақты тұруға кеткен адам елге қайтып келген кезде, егер ол шетелде ұқсас төлем алмаса, ӘЖА төлемі өтініш бергенге дейін үш жылдан аспайтын мерзім шегінде тоқтата тұрған күнінен бастап қайта басталады. Бұл ретте ӘЖА мөлшері Қазақстан Республикасынан кеткен кездегі мөлшерде, ал осы кезеңде индекстеу/ұлғайту жүргізілген жағдайда – сол ұлғаюларды ескере отырып қайта белгіленеді. Егер шетелде ұқсас төлем төленсе, ӘЖА Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайта тіркелген күннен бастап өтініш берген күннен бастапғы мөлшерде төленеді;
- алушының қамқоршы болып жүріп, сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза өтеуі. Бұл жағдайда ӘЖА төлемі қамқоршы болып тағайындалған адамға төлемді тоқтата тұрған күннен бастап жүргізіледі;
- шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, не қандас куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған кезде. Бұл жағдайда ӘЖА Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жарамды жеке басын куәландыратын құжаты, не қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
- ӘЖА алушыға қатысты із-түссіз жоғалған адамды іздестіру бойынша жедел‑іздестіру шараларын жүргізу туралы немесе оны іс жүзінде жоқ деп тану жөніндегі сот шешімі туралы құжат болған кезде. Бұл жағдайда ӘЖА төлемі іздестіру шаралары тоқтатылған немесе адамды іс жүзінде жоқ деп тану туралы сот шешімі жойылған күннен бастап, бірақ төлемді тоқтата тұрған күннен ерте емес, қайта басталады;
- алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы. Бұл жағдайда ӘЖА Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жарамды жеке басын куәландыратын құжаты берілген күннен бастап қайта басталады;
- қамқоршының Қазақстан Республикасының неке‑отбасы заңнамасына сәйкес өз өкілеттіктерін орындаудан босатылуы немесе шеттетілуі. Бұл жағдайда ӘЖА төлемі жаңа тағайындалған қамқоршыға немесе қамқоршы мәртебесі қалпына келтірілген алушыға төлемді тоқтата тұрған күннен бастап жүргізіледі;
- өтініш берушінің ӘЖА мөлшерін негізсіз айқындауға әкеп соқтырған жалған деректер беруі. Бұл жағдайда ӘЖА Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде төлемді тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталады;
- МӘС‑ке жалған құжаттар ұсыну немесе негізсіз сараптамалық қорытынды беру фактісі бойынша акт (хаттама) жасалған кезде. Бұл жағдайда бұрынғы сараптамалық қорытынды бақылау қайта куәландыру барысында расталған жағдайда, ӘЖА төлемі тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталады.
ӘЖА әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға себеп болған мән‑жайлар жойылғанын растайтын құжаттар мен (немесе) ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер негізінде алушының өтініші бойынша, оның ӘЖА алуға құқығы сақталған жағдайда қайта басталады.
ӘЖА мына жағдайларда тоқтатылады:
- алушының қайтыс болуы (не оны қайтыс болды деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі) кезінде. Бұл жағдайда ӘЖА төлемі алушы қайтыс болған айды қоса алғанда (не сот шешімі күшіне енген айды қоса алғанда) жүргізіледі;
- ӘЖА тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған жалған құжаттар (деректер) ұсынуына байланысты. Бұл жағдайда ӘЖА тағайындау күнінен бастап тоқтатылады;
- алушының ӘЖА төлемін тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты. Бұл жағдайда төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
- МӘС бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп таныған кезде – ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап.
Артық есептелген (артық төленген) ӘЖА сомаларын қайтару банктер және жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы келесі реквизиттер бойынша жүргізіледі:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
IBAN: KZ67009SS00368609110
BIC: GCVPKZ2A
БСН: 160440007161
КБЕ: 11
ТТК (КНП): 028 – еңбекке жарамдылығынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын міндетті түрде көрсету қажет).