ЖҮКТІЛІККЕ ЖӘНЕ БОСАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІРІСІНЕН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ
- жүктілік пен босану себепті табыс жоғалту жағдайында — уақытша еңбекке қабілетсіздік парағына көрсетілген жүктілік пен босану демалысының күнінен бастап;
- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу (қорғаншылық) себепті табыс жоғалту жағдайында — жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған (қорғаншылыққа алған) жұмысшыларға берілген уақытша еңбекке қабілетсіздік парағына көрсетілген демалыс күнінен бастап.
- «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ;
- «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz);
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- жүктілік пен босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу (қорғаншылық) себепті берілген уақытша еңбекке қабілетсіздік парағы (парақтары);
- өтініш.
Проактивті қызмет адамның ЖБӘТ тағайындатуға құқығы пайда болған кезде, өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеуі негізінде көрсетіледі.
Өтініш берушінің үш күнтізбелік күн ішінде келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетілмейді.
ЖБӘТ = ОАК × КАД
ОАК – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған орташа айлық табыс, соңғы 12 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдар бойынша үзілістердің болуына қарамастан) ЖБӘТ-қа құқық пайда болған айға дейінгі әлеуметтік аударымдар жасалған табыстар сомасын 12-ге бөлу арқылы анықталады.
ЖБӘТ-қа құқық пайда болған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды, құқық пайда болған айға дейінгі айда төленген әлеуметтік аударымдарды қоспағанда.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына бір айда бір төлемшіден (немесе бірыңғай төлем төлемшісінен) бірнеше рет әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, осы ай үшін ЖБӘТ есептеуге алынатын жалпы табыс сәйкес қаржылық жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің жеті есесінен аспайды.
КАД – еңбекке қабілетсіздік күндерінің коэффициенті: жүктілік пен босану, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу (қорғаншылық) себепті берілген уақытша еңбекке қабілетсіздік парағына көрсетілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлу арқылы анықталады.
Тағайындалған ЖБӘТ сомасынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) 10 пайыз мөлшерінде ұсталып, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бағытталады.
Артық есептелген (төленген) ЖБӘТ сомаларын қайтару мынадай реквизиттер бойынша жүргізіледі:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Бенефициар банкісі: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
ИИК: KZ67009SS00368609110
БИК: GCVPKZ2A
БИН: 160440007161
КБЕ: 11
КНП: 097 — жүктілік пен босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу (қорғаншылық) себепті табыс жоғалту жағдайындағы әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын көрсету міндетті).
ЖБӘТ тағайындауға, сондай-ақ күрделі босану, екі және одан да көп бала туу жағдайында ЖБӘТ-ты қайта есептеуге өтініш беру мерзімі әлеуметтік төлемге құқық пайда болған күннен бастап 12 айдан аспауы керек.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 8 жұмыс күні;
- «электрондық үкімет» порталы немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы — 4 жұмыс күні.
Күрделі босану, екі және одан да көп бала туу жағдайында ЖБӘТ-ты қайта есептеу жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздік парағына (парақтарына) сәйкес жалпы еңбекке қабілетсіздік күндерінің санын ескере отырып, тағайындалған әлеуметтік төлем сомасын жаңадан есептелген ЖБӘТ сомасынан шегеру арқылы жүргізіледі.
«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі алушының ЖБӘТ мөлшерін қайта есептеу туралы өтініші негізінде Қор филиалының тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің жобасын бекіту үшін қалыптастырады.
ЖБӘТ есептеуге алынған кезең үшін әлеуметтік аударымдар оны тағайындауға өтініш берген күннен кейін түскен жағдайда, тағайындалған ЖБӘТ алушыларға қайта есептелмейді.