Қор Туралы
Әлеуметтік төлемді таңдаңыз
2026 жылғы 1 қазаннан бастап елде азаматтарды қолдаудың жаңартылған алгоритмі пысықталатын, сондай-ақ мансап орталықтары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының мамандарын оқыту жүргізілетін пилоттық жоба басталады.
Негізгі өзгерістердің бірі — жұмыссыз мәртебесі берілгенге дейінгі қолайлы жұмыс іздеу кезеңін 2 күннен 13 күнге дейін ұзарту болады. Бұл кезең мансап орталығының мамандарына азаматтың кәсіби тәжірибесін, дағдылары мен қажеттіліктерін егжей-тегжейлі анықтауға, бейіндеу жүргізуге, қолайлы бос жұмыс орындарын таңдауға, өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаны өткізу кезеңінде жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қолданыстағы тәртіпке сәйкес беріледі. Аталған төлемді алуға құқығы бар азаматтар оны заңнамада белгіленген шарттарда алу мүмкіндігін сақтайды.
Алдағы кезең жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді беру параметрлері бөлігінде 2026 жылғы 11 маусымда бекітілген Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне түзетулерге бейімделу кезеңі болады.
Заңнамалық өзгерістер күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыратын болады.
Өзгерістердің басты принципі өзгеріссіз қалады — мемлекеттік қолдау барынша атаулы, қолжетімді болуы және адамға тек мәртебе алып қана қоймай, қолайлы жұмыс тауып, тұрақты жұмыспен қамтылуына көмектесуі тиіс.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерінің өзгерістері мынадай болады:
1. Жұмыссыз ретінде тіркелмейді:
- жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
- бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне әлеуметтік төлем алушылар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
- арнаулы әлеуметтік төлемдерді алушылар.
2. Жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді алу кезеңі мынадай:
• 1 ай – егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар төленген болса;
• 2 ай – егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар төленген болса;
• 3 ай – егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін 24 ай және одан көп уақыт әлеуметтік аударымдар төленген болса.
3. Жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 7 ең төменгі жалақының 45%-ынан аспайтын болады (7 ЕТЖ*).
*7 ЕТЖ – бір жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің ең жоғары мөлшері.
4. Жұмысынан айырылуы бойынша келесі әлеуметтік төлемді алу үшін қайта жүгіну:
- алдыңғы төлемді алғаннан кейін кемінде 12 ай өткен соң мүмкін болады.
Жұмыссыздарға арналған жәрдемақы жайы
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ
«Осы сілтемеде Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілері мен кодекстері пайдаланылады:
1. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексі.
2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII Заңы (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘСҚ-дан (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді беру тәсілдерін өзгертуді көздейтін балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға түзетулер күшіне енеді.
Негізгі өзгерістердің бірі — тиісті кезеңде бала күтімін жүзеге асыратын әйелдің бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алу құқығын бекіту, ал анасы қайтыс болған жағдайда бұл құқық баланың заңды өкіліне беріледі.
Мұндай шара ана мен баланы мемлекеттік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға және әйелдің бала туғаннан кейін толыққанды оңалуына, сондай-ақ баланың өмірінің алғашқы айларында оның дамуы мен денсаулығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, баласы бір жарым жасқа толғанға дейін жұмысқа шыққан ана, төлемді заңды негізде алуды жалғастыра алады. Бұл жағдайда ананың жұмысқа орналасуы әлеуметтік қолдауды тоқтатуға негіз болмайды.
Ұсынылып отырған тәсілдің маңызды нәтижесі — әйелдердің бала күтімі кезеңінде зейнетақы жинақтарының үздіксіз қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.
Осылайша, әйел адам бала күтімі кезеңіндегі әлеуметтік төлемді сақтай отырып, жұмысқа қайта оралу уақытын өз бетінше анықтай алады. Өзгерістер бұл шараның бастапқы мақсатын — бала туғаннан кейін жұмыс істейтін ананы қолдауды сақтауға бағытталған.
Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем параметрлерінің өзгерістері төмендегідей болады:
1. бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға тек ананың (ол қайтыс болған жағдайда — баланың заңды өкілінің) айрықша құқығын бекіту;
2. анасының жұмысқа шығуына қарамастан, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді бала күтімінің барлық кезеңі ішінде (бала 1,5 жасқа толғанға дейін) жүзеге асыру.
«Осы сілтемеде Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілері мен кодекстері пайдаланылады:
1. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексі.
2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII Заңы (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).