БІР ЖАРЫМ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛА КҮТІМІ БОЙЫНША

po_ukhodu_za_rebenkom_do_polutora_let_1.origina.original
БАЛА БІР ЖАРЫМ ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН ОНЫҢ КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КІРІСІНЕН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ (ӘТбк)
БАЛА БІР ЖАРЫМ ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН ОНЫҢ КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КІРІСІНЕН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ (ӘТбк)
ӘТбк алу құқығы:
  • баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап,
  • баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
ӘТбк тағайындау үшін:
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
  • «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz);
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүгінуге болады.
Қажетті құжаттар:
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері);
  • өтініш.
  • олардың бар-жоғына байланысты: қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді көшірме (бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда)
ӘТбк тағайындаудың проактивті тәсілі

Өтініш берушіде ӘТбк тағайындау құқығы туындаған кезде, өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі «Электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады

Күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушінің келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетуден бас тартылады.

Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.

ӘТбк есептеу тәртібі

ӘТбк мөлшері келесі формула бойынша анықталады:

ӘТбк = ОАК * КАК,мұндағы:

ОАК – орташа айлық кіріс мөлшері, ӘТбк алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 24-ке бөлу жолымен айқындалады.

КАК – кірісті алмастыру коэффициенті = 0,4.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік тәуекел туындаған айдың алдындағы соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар түспеген жағдайда, оған бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар, осындай құқық туындаған айдың алдындағы ай үшін төленген әлеуметтік аударымдарды қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін айқындаған кезде Қорға түскен әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды.

Жүктілігі және босануы, баланы (балаларды) асырап алуы бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу кезінде есепке алынбаған әлеуметтік аударымдар ӘТбк есептеу кезінде есепке алынбайды.

Бір төлеушіден немесе бірыңғай төлем төлеушіден бір ай үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына әлеуметтік аударымдар бірнеше рет келіп түскен жағдайда, осы ай үшін жүктілікке және босануға, баланы (балаларды) асырап алуға әлеуметтік төлемдерді, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданатын жиынтық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

ӘТбк мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды.

ӘТбк ең жоғары мөлшері ӘТбк-ға құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауға тиіс.

Екі және одан көп бала туған кезде бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем әр балаға жеке тағайындалады.

ӘТбк-дан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

ӘТбк тағайындауға жүгіну мерзімдері

ӘТбк тағайындау, сондай-ақ қайта есептеу үшін жүгіну мерзімдері ӘТбк алу құқығы туындаған күннен бастап он сегіз айдан аспайды

ӘТбк тағайындауға өтінішті қарау мерзімдері

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 8 жұмыс күні;
  • «Электрондық үкіметтің» веб-порталы / ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) / екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы – 4 жұмыс күні.
Өтініш берушінің табысы туралы анықтаманың нысаны

Анықтама нысаны (жүктеу үшін): ӘТбк үшін анықтама нысанын жүктеу

ӘТбк тоқтата тұру және қайта бастау

ӘТбк мынадай мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:

  1. алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
  2. әлеуметтік төлемді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк кері оралған алушыға:
    кеткен елінде төлем алынбаған жағдайда – төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап;
    кеткен елінде төлем алынған жағдайда – кеткен елінде төлем тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
  3. ӘТбк алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
  4. шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ӘТбк Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
  5. ӘТбк алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындаған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
  6. ӘТбк алушы болып табылатын хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының тоқтатылуын немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісінің күшіне енгенін растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы болып тағайындалған адамға төлем тоқтатыла тұрған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
  7. ӘТбк алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте Әтбк Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
  8. өтініш берушінің ӘТбк мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. Бұл ретте ӘТбк тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.

ӘТбк төмендегі жағдайлар туындаған ай өткен соң тоқтатыла тұрады:

  1. бала (балалар) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне берілген жағдай. Бұл ретте бала (балалар) отбасына берілген күннен бастап бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем қайта басталады;
  2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-ананың ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген жағдай. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем соттың ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
  3. қорғаншылар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда өз міндеттерін атқарудан босатылған немесе шеттетілген жағдай. Бұл ретте ӘТбк қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
  4. алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енген) жағдай. Бұл ретте ӘТбк баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлемді тоқтата тұрған күннен кейін жүргізіледі.

ӘТбк осы төлемді алу құқығы сақталған жағдайда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін цифрлық жүйелерден алынған, ӘТбк тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.

ӘТбк тоқтату

ӘТбк мынадай негіздер бойынша:

  • бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
  • Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, бала асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған ай өткен соң;
  • ӘТбк алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТбк өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
  • ӘТбк алушының ӘТбк тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТбк ол тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
ӘТбк артық аударылған (төленген) сомаларын қайтаруға арналған деректемелер

Артық есептелген (төленген) ӘТбк сомаларын қайтару банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы келесі деректемелер бойынша жүзеге асырылады:

Бенефициар:«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

ЖСК: KZ67009SS00368609110

БИК: GCVPKZ2A

БСН: 160440007161

КБЕ: 11

ТТК: 092 – бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлем мақсатын толтыру міндетті).

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка