Омбудсмен
Омбудсмен - Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына, келіспеушіліктерге қатысушыларға консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтай отырып, оларға өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімдерді әзірлеуде жәрдем көрсету (оның ішінде қажет болған жағдайда құпиялылықты сақтау), проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу болып табылады.
Омбудсменнің негізгі функциялары:
- • Қызметкерлердің мінез-құлық және әдеп кодексінің ережелерін сақтамау мәліметтерін жинау;
- • оған жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына қатысушыларға консультация беру;
- • Қор қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және Қордың лауазымды адамдарының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) Қор қызметкерлерінің берген өтініштерін қарау;
- • Қор қызметкерлеріне келіспеушіліктерді (дауларды) сот органдарына бергенге дейін ерте сатыда реттеуге, соттан тыс тәртіппен реттеуге жәрдем көрсету;
- • Қордың лауазымды адамдарына алынған өтініштер бойынша келіспеушіліктерді (дауларды) реттеу жөнінде ұсынымдар беру;
- • жүйелі сипаттағы келіспеушіліктерді (дауларды) шешу және болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- • Қор қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен қажетті кеңестер, кездесулер, консультациялар, талқылаулар өткізу, сондай-ақ келіп түскен өтініштер бойынша Қор қызметкерлерін тыңдау болып табылады.
Қордың кез келген қызметкерінің және лауазымды адамының еңбек заңнамасын, Қор қызметкерлерінің мінез-құлық және әдеп кодексінің ішкі рәсімдері мен ережелерін бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ корпоративтік келіспеушіліктерге және мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша Омбудсменге келесі байланыс көздері арқылы хабарласуға болады: +7 708 825-72-00 телефоны rakishev@gfss.kzэлектрондық поштасына, анонимді өтініштері үшін ombudsmengfss@gmail.com электрондық поштасына немесе Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Достық көш., 18, 21-қабат.
_______________________________________________
_______________________________________________