Басты көрсеткіштерӨлшем бірлігі

2022

2023

Факт /бағаБекітілген/нақтыланған жоспар1-жартыжылдық үшін Баға/факт % ауытқу (фактінің нақты жоспардан)
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

%

75,3

70,4

76,5

108,7

Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі

%

210,7

100

214,4

214,4

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы

%

100

99,99

100

100

Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі

%

48,9

50

55,7

111,4

МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті

%

 

26,8

33,4

124,6

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының 4-қосымшасына 2023 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша түсіндірме жазба

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2023 жылға жоспарлы көрсеткіші – 70,4%.

Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы)  сайтында жарияланған соңғы 12 айдағы деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .

Статистика бюросының бағалау деректеріне сәйкес соңғы  12 айда жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 8 991,2 мың адамды құрады  (статистика бюросының сайтында 2023 жылғы сәуірге дейінгі жұмыспен қамтылған халық саны туралы деректер болғандықтан, бағалау 2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы сәуір аралығындағы кезеңдегі деректер негізінде жүргізілді).

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушыларының саны 6 881,9 мың адамды құрады.  

Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі  76,5% (6 881,9*100/ 8 991,2). Орындалуы 108,7% құрады.

 

2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2023-2023 жылдары ҚР бойынша жылына 2 500-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 100%.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында МӘСҚ және оның филиалдары МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (бұдан әрі - АТЖ) аясында еңбек ұжымдарында 2 680 іс-шара өткізді. Өткізілген АТЖ қатысушылардың жалпы саны – 95 474 адамды құрады.

1 жартыжылдықтағы көрсеткіштің орындалуы – 214,4% (2680*100/1250 = 214,4%; жоспарлы көрсеткіш – жылына 2500 іс-шара, жарты жылда – 1 250 іс-шара).

Анықтама. Аталған көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік Кодекс жобасының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарын іске асыру шеңберінде өңірлерде кең көлемде АТЖ жүргізумен, сондай-ақ белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерімен АТЖ жүргізу бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізілуіне байланысты.

 

3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 99,99%.

2023 жылдың алты айында МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі  435 843 алушыға көрсетілді. Қызметтер заңнамада көзделген мерзімдерде көрсетілді. 

Орындалуы – 100%.

 

4. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 50%.

2023 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 435 843 құрады, оның ішінде электрондық форматта- 242 776 немесе 55,7%.

Орындалуы 111,4% құрады.

 

5. «Қордан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 26,8%.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 44 484 теңгені құрады. Осы әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кірістің орташа айлық мөлшері 133 366,9 теңге деңгейінде қалыптасты. Кірісті алмастыру коэффициенті 33,4% құрады.

Орындалуы-124%.

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх