Басты көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2020

2021

2022

Факт

Факт/баға

Бекітілген жоспар

Баға/факт              

% ауытқу (фактің нақты жоспардан)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі

%

99,3

74,9

70,2

76,6

109,1

2

Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі

%

100

223,5

100

210,7

210,7

3

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы

%

100

100

99,99

100

100

4

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы

%

 

100

99,99

100

100

5

Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі, в %

%

  

30

48,9

163

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының 4-қосымшасына түсіндірме жазба

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2022 жылға жоспарлы көрсеткіші - 70,2%.

Аталған көрсеткішміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіҰлттық статистика бюросының(бұдан әрі-статистика бюросы) сайтында жарияланған соңғы төрт тоқсандағы орташа саны)қатынасы ретінде есептеледі.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушыларының саны 6 753,3 мың адамды құрады.2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 8 820,4 мың адамды құрады (4-тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны туралы деректер статистика бюросы сайтында болмауына байланысты, бағалау 2022ж.01.10. жағдай бойынша жүргізілді). Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 76,6% (6 753,3 * 100/ 8 820,4).

Орындалуы-109,1%

 

2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2022 жылы ҚР бойынша жылына 1 152-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 100%.

2022 жылы МӘСҚ және оның филиалдары МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы (бұдан әрі - АТЖ) аясында онлайн және офлайн режимінде 2 427 іс-шара өткізді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысқан қызметкерлердің жалпы саны – 96 872 адам, оның ішінде 70 302 немесе 72,6 % әйелдер. әйелдер.

АТЖ бойынша көрсеткіштің орындалуы – 210,7% (2427*100/1 152).

Анықтама. Көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі төмендегілерге байланысты:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың 2022ж.05.05. әлеуметтік қолдау және 2022 жылы әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру мәселелері бойынша өңірлерде АТЖ жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындау;

2) Мемлекет басшысының 2022ж.01.09. Жолдауының және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі бағыттары бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.К. Дүйсеновамен бекітілген 2022 жылғы қыркүйек – желтоқсан айларына арналған АТЖ өткізу жоспарын орындау.

 

3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 99,99%.

2022 жылы МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 748 332 Қызметтер заңнамада көзделген мерзімде көрсетілді. 

Орындалуы-100%.

 

4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 99,99%.

32022 жылы МӘСҚ филиалдары 720 азаматқа заңнамада белгіленген мерзімде қызмет көрсетті.Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. 

Орындалуы-100%.

 

5. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға - 30%.

2022 жылы МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 748 332 адамды құрады, оның ішінде электрондық форматта-366 025 немесе 48,9%.

Орындалуы-163%.

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх