Құрылтай құжаттары

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Жарғысы

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

          1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) осы Жарғысы Қордың заңды мәртебесін, мақсаттарын, міндеттерін, құқықтары мен міндеттемелерін, оның органдарының қалыптасу тәртібі мен құзыретін, қызметінің қайта құрылуы мен тоқтатылуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерін айқындайды. 

(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.05.2024 ж. № 167 бұйрығына сәйкес өзгерістермен)

          2. Қордың толық атауы:

          1) мемлекеттік тілде: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы;

          2) орыс тілінде: акционерное общество «Государственный фонд социального страхования»;

          3. Қордың қысқаша атауы:

          1) мемлекеттік тілде: «МӘСҚ» АҚ 

          2) орыс тілінде: АО «ГФСС» ;

          4. Қордың атқарушы органының орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 18-ғимарат. 

(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.06.2025 ж. № 170 бұйрығына сәйкес өзгерістермен)

 

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка