Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында Республика күні атап өтілді

22 Қазан 2026
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында Республика күні атап өтілді

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да 25 қазанда атап өтілетін ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Республика күні еліміздің тарихында ерекше орын алады. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының негізі қаланды.

«Қыран елім – Қазақстаным!» республикалық патриоттық акциясы аясында салтанатты іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғауға үлес қосып жүрген Қор қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді.

Ұлттық мерекеге орай адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атынан Қордың орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алты қызметкері марапатталды.

Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру және мониторинг департаментінің бас маманы Сүлейменова Шынар Құрмет грамотасымен марапатталды.

Алғыс хаттармен келесі қызметкерлер марапатталды:

  • Сейтжан Майя Сағнайқызы – Жоспарлау департаментінің директоры;
  • Үйсінбеков Бауыржан Шыршықбайұлы – Төлеушілермен жұмыс департаментінің жетекші маманы;
  • Куванчев Ильнур Сабитұлы – «МӘСҚ» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының бас маманы;
  • Нұрмұханбетов Айбек Орынбасарұлы – «МӘСҚ» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының заңгері;
  • Қаратаева Айбала Бимолдақызы – «МӘСҚ» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының маманы.

Марапаттау қызметкерлердің кәсіби жетістіктері мен мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыруға қосқан үлесіне берілген жоғары баға болды.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка