Қорда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында өтініштерді қарау тәртібі бойынша оқыту семинары өтті

19 Ақпан 2026
Қорда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында өтініштерді қарау тәртібі бойынша оқыту семинары өтті

Қор өз құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде «E-Otinish» платформасы арқылы келіп түсетін өтініштерін қарау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді

Өтініштерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 17 ақпанда Қор қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Астана қ. бойынша департаментінің жолданымдарды талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Адилхан Шыңғыс Есенгелдиулының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілінің қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

Іс-шара барысында ӘРПК нормаларын қолданудың практикалық мәселелері, мерзімдерді сақтау және жауаптардың сапасына қойылатын талаптар талқыланып, платформада жұмыс істеудің бірыңғай тәсілдері айқындалды.

Жекелеген мәселелер бойынша спикерлер өтініштерді қарау сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар берді.

Осындай іс-шараларды өткізу өтініштерді қарау сапасын арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Қосымша хабарлаймыз, 2025 жылы Қор 20 654 жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарады, оның ішінде «E-Otinish» платформасы арқылы — 17 842 өтініш.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка