№
| Басты көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2020 | 2021 | 2022 | ||
Факт | Факт / баға | Бекітілген жоспар | Факт / баға 1 жартыжылдық | % Ауытқу (нақты жоспардан) | |||
1 | 2 | ||||||
1 | Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі | % | 99,3 | 74,9 | 70,2 | 75,4 | 107,4 |
2 | Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы | % | 100 | 100 | 99,99 | 100 | 100,01 |
3 | "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру"мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы | % |
| 100 | 99,99 | 100 | 100,01 |
4 | Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі, в % | % |
|
| 30 | 47,2 | 157,3 |
5 | Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі | % |
| 223,5 | 100 | 180,7 | 180,7 |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының 4-қосымшасына 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша түсіндірме жазба
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға - 70,2%. (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтында 2-тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны туралы деректер www.stat.gov.kz (бұдан әрі-статистика бюросы) болмауына байланысты, бағалау 01.04.2022 ж .жағдай бойынша жүргізілді).
Жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен (бұдан әрі - МӘСЖ) қамту туралы ақпарат Статистика бюросының сайтында жарияланған МӘСЖ қатысушылар санының жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына қатынасы ретінде есептеледі.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға соңғы 4 күнтізбелік тоқсанда орташа есеппен есептелген жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 8 811,5 мың адамды құрады.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 күнтізбелік айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСҚ қатысушыларының саны 6 641,0 мың адамды құрады.
Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 75,4% (6 641,0 * 100/ 8 811,5).
Орындалуы-107,4%.
2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген іс-шаралардың үлесі (2022 жылы ҚР бойынша жылына 1 152 кем емес іс-шара және 2023-2026 жылдары - ҚР бойынша жылына 1020 кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші 2022 жылға – 100% .
2022 жылдың 1-жартыжылдығында МӘСҚ және оның филиалдары МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы (бұдан әрі - АТЖ) аясында онлайн және офлайн режимінде 1041 іс-шара өткізді.
Өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысқан жұмыскерлердің жалпы саны – 39 659 адамды құрады, оның 28 105 немесе 70,9 % әйелдер.
АТЖ бойынша 6 айдағы көрсеткіш: 1041*100/576 = 180,7% (жоспарлы көрсеткіш жылына 1 152 іс-шара, 6 айда 576 іс-шара).
Орындалуы - 180,7%.
3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 99,99%.
2022 жылдың 1-жартыжылдығында МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 366 747 алушыға көрсетілді. Қызметтер заңнамада көзделген мерзімде көрсетілді.
Орындалуы-100%.
4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға – 99,99%.
2022 жылдың 1-жартыжылдығында МӘСҚ филиалдары 383 азаматқа заңнамада белгіленген мерзімде қызмет көрсетті, бұл жоспарланған мәннің орындалуының 100% - ына сәйкес келеді.
5. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2022 жылға - 30%.
2022 жылдың 1-жартыжылдығында МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 366 474 адамды құрады, оның ішінде электрондық форматта-173 059 немесе 47,2%.
Орындалуы-157,3%.