Басты көрсеткіштерӨлшем бірлігі20222023
Факт /бағаБекітілген/нақтыланған жоспар1-тоқсан үшін Баға/факт% ауытқу (фактінің нақты жоспардан)
1234567
1Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі%75,370,476,3108,4
2Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі%210,7100357,1357,1
3Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы%10099,99100100
4"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы%10099,99100100
5Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі%48,93155,4178,7

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының 4-қосымшасына 2023 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша түсіндірме жазба

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2023 жылға жоспарлы көрсеткіші – 70,4%.

Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) сайтында жарияланғансоңғы 12 айдағыдеректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі . деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .

Бағалау деректеріне сәйкес соңғы 12 айда жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 8 969,5 мың адамды құрады (статистика бюросының сайтында 2023 жылғы наурыздағы жұмыспен қамтылған халық саны туралы деректер жоқ болғандықтан, бағалау 2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы ақпанға дейінгі кезеңдегі деректер негізінде жүргізілді). 2023 жылғы ақпанға дейінгі кезеңдегі деректер негізінде жүргізілді).

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушыларының саны 6 846,8 мың адамды құрады. Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 76,3% (6 846,8 * 100/ 8 969,5).

Орындалуы 108,4% құрады.

 

2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2023-2023 жылдары ҚР бойынша жылына 1 344-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 100%.

2023 жылдың 1 тоқсанында МӘСҚ және оның филиалдары МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (бұдан әрі - АТЖ) аясында еңбек ұжымдарында 1 200 іс-шара өткізді. Өткізілген АТЖ қатысушылардың жалпы саны – 42 674 адамды құрады.

3 айдағы көрсеткіштің орындалуы – 357,1% (1200*100/336 = 357,1%; жоспарлы көрсеткіш – жылына 1 344 іс-шара, 1 тоқсанда – 336 іс-шара).

Анықтама. Көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік Кодекс жобасының негізгі бағыттары бойынша АТЖ жүргізу жоспарын іске асыру шеңберінде өңірлерде ақпараттық жұмыстарын кең көлемде жүргізумен байланысты.

 

3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 99,99%.

2023 жылдың 1 тоқсанында МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 201 222 алушыға көрсетілді. Қызметтер заңнамада көзделген мерзімдерде көрсетілді. 

Орындалуы – 100%.

 

4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 99,99%.

Есепті кезеңде МӘСҚ филиалдары 154 азаматқа заңнамада белгіленген мерзімде қызмет көрсетті, бұл жоспарланған мәннің орындалуының 100%-ына сәйкес келеді. 100%-ына сәйкес келеді. сәйкес келеді.

 

5. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 31%.

2023 жылдың 1 тоқсанында МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 201 222 құрады, оның ішінде электрондық форматта-111 557 немесе 55,4%.

Орындалуы 178,7% құрады.

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх