2026 жылдың 9 айындағы "МӘСҚ" АҚ Даму жоспарының басты көрсеткіштерінің орындалуы
| Басты көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2025 | 2026 | ||
| Факт /баға | Бекітілген/ нақтыланған жоспар | 9 ай үшін Баға/факт | % ауытқу (фактінің нақты жоспардан) | ||
| Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі | % | 75,2 | 71,0 | 77,4 | 109,0 |
| Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі | % | 128,64 | 100 | 176,10 | 176,10 |
| Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы | % | 100,00 | 99,99 | 100,00 | 100,0 |
| Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі | % | 71,7 | 70,00 | 78,50 | 112,1 |
| МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті | % | 36,70 | 30,10 | 37,90 | 125,9 |
| Директорлар Кеңесінде әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру үлесі | % | 33,3 | 30,00 | 33,30 | 111,0 |
| Атқарушы органда әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру үлесі | % | 25,0 | 30,00 | 25,00 | 83,3 |
| Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы - әйелдердің үлесін кезең-кезеңмен арттыру коэффициенті | % | 51,4 | 30,00 | 59,00 | 196,7 |
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін орындалуы бойынша түсіндірме жазба
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2026 жылға жоспарлы көрсеткіші – 71%.
Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) сайтында жарияланған соңғы 12 айдағы деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .
Статистика бюросының 2026 жылдың 1 қазан айындағы бағалау деректері бойынша соңғы 12 айда жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 9 369,6 мың адамды құрады.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушылардың саны 7 250,0 мың адамды құрады.
Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 77,4% (7 250,0*100/9 369,6) құрады.
Орындалуы – 109%.
«Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген іс-шаралардың үлесі (2026 жылы ҚР бойынша жылына 1 800-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2026 жылға – 100%.
2026 жылдың 9 ай ішінде ақпараттық - түсіндіру жұмысы (бұдан әрі – АТЖ) шеңберінде Қор МӘСЖ бойынша жылына кемінде 1 800 іс-шара (9 ай ішінде 1 350 іс-шара) жоспарлы көрсеткішімен 2 377 іс-шара өткізді.
Көрсеткіштің орындалуы – 176,1%. (2 377*100/1 350= 176,1%).
Анықтама;
Іс-шаралар санының ұлғаюы әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру және қажеттілік қағидаттарына көшу жөніндегі реформаға, оның ішінде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жұмыстан айрылу және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерінің өзгеруіне байланысты АТЖ жүргізілуіне байланысты.
Сондай ақ көрсеткіштің орындалуының өсуіне ұйымдардың бухгалтерлері үшін онлайн және офлайн форматтарда АТЖ өткізумен байланысты:
- 1 ең төменгі жалақының мөлшерінен кем табыстан ӘТ төлеуге жол беретіндер;
- тоқсанына 3 және одан да көп рет әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асыратын;
- әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар.
«Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2026 жылға – 99,99%.
2026 жылы 9 ай ішінде МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 706 006 алушыға көрсетілді. Қызметтер заңнамада көзделген мерзімде көрсетілген.
Орындалуы - 100% құрады.
«Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2026 жылға – 70%.
2026 жылы 9 ай ішінде МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 706 006 құрады, оның ішінде электрондық форматта- 554 015, немесе 78,5%.
Орындалуы – 112,1% құрады.
«МӘСҚ-нан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті» жоспарлы көрсеткіші, 2026 жылға – 30,1%.
2026 жылы 9 ай ішінде тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 79 837 теңгені құрады. Осы әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кірістің орташа айлық мөлшері 210 567,3 теңге деңгейінде қалыптасты. Кірісті алмастыру коэффициенті 37,9% құрады.
Орындалуы – 125,9%.
"Директорлар Кеңесінде әйелдер үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші 2026 жылға- 30% кем емес.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша МӘСҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесі 33,3% құрады (ДК мүшелерінің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде әйелдер – 2 адам).
Орындалуы – 111%.
"Атқарушы органда әйелдер үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші 2026 жылға- 30% кем емес.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша МӘСҚ Басқарма құрамындағы әйелдердің үлесі 25% құрады (Басқарма мүшелерінің жалпы саны – 4 адам, оның ішінде әйелдер – 1 адам).
Орындалуы –83,3%.
"Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы - әйелдердің үлесін кезең – кезеңімен арттыру" жоспарлы көрсеткіші, 2026 жылға- 30% кем емес.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша МӘСҚ құрылымдық бөлімшелері басшыларының жалпы санындағы әйелдердің үлесі 59,0% құрады (құрылымдық бөлімшелердің басшыларының жалпы саны – 39 адам, оның ішінде әйелдер – 23 адам).
Орындалуы – 196,7%.