Бала күтімі бойынша көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының ерекшеліктерін нақты ажырата білу қажет.
Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы – шартсыз, және алушының жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді.
Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыс істейтін ата-аналарға бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір жарым жасқа дейін әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тарапынан жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді тоқтату алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі негізінде ғана жүзеге асырылады.
Аталған тәртіп әлеуметтік төлем алушының ресми түрде жұмысқа орналасуының барлық жағдайларына қолданылады.