Ақтауда азаматтар әлеуметтік төлемдер бойынша кеңес алды

30 Қазан 2026
Ақтауда азаматтар әлеуметтік төлемдер бойынша кеңес алды

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін табысты қалай растау керек? Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қандай мүмкіндіктері бар? Осы сұрақтар Ақтауда өткен ашық есік күнінде талқыланды.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы Ақтауда ашық есік күнін өткізді. Оған «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалы мен Маңғыстау облысының еңбек мобильдігі орталығының өкілдері қатысты. 

Шараның мақсаты — азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіріп, оларды толғандырған мәселелер бойынша кеңес беру.

Кездесуде ең көп қойылған сұрақтар жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде табысты растайтын анықтамаларға қатысты болды. Қор филиалының мамандары келушілердің сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсіндірмелер ұсынды. Зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесі де назардан тыс қалмады. БЖЗҚ өкілдері тұрғындарға жинақтарды пайдалану мүмкіндіктері мен ең төменгі жеткіліктілік шегі туралы ақпараттандырды.

Кездесу азаматтарға бірнеше мекеменің маманынан бір жерде кеңес алып, өз жағдайына қатысты мәселелерді нақтылауға мүмкіндік берді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка