Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

24 Қазан 2023
Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", – делінген.

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/karzhy/6033677-elmzde-ebekke-ablettlgn-zhoaltu-zhne-asyraushysynan-ayyrylu-boyynsha-tlem-layady.html

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка