Маңызды ақпарат!
2026 жылғы 15 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген, артық (немесе қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару жағдайларына қатысты Қағидаларына өзгерістер күшіне енді.
Осылайша, бір кезең үшін бір сома қайталанып төленген жағдайда, артық (немесе қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды кешіктіріп және (немесе) толық емес төлегені үшін өсімпұлдарды қайтару туралы өтінішке декларацияның көшірмесін қоса беру қажет.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру үшін талап қою мерзімі:
1) салық төлеушілердің мынадай санаттары:
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған;
- қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын;
- осы Қазақстан Республикасының Салық кодекстің 33-тарауында белгіленген талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелері бар Қазақстан Республикасының резиденттері;
- есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарларға қосылған құн салығының сомалары бөлігінде қосылған құн салығын төлеушілер үшін бес жылды құрайды.
2) 1) тармақшасында көрсетілмеген қалған салық төлеушілер үшін үш жылды құрайды.
Әлеуметтік аударымдарды төлеушілерден артық (немесе қате) төленген әлеуметтік жарналарды қайтаруға және/немесе әлеуметтік жарналарды кешіктіріп және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтаруға өтініш берген кезде осы заңнамалық өзгерістерді ескеруді сұраймыз.