МӘСҚ-да Қазақстан мен Әзірбайжанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
2026 жылғы 29 сәуірде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да (МӘСҚ) Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры және Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Іс-шара МӘСҚ Басқарма төрағасы Алмас Курмановтың төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, цифрландыру, есепке алуды жүргізу мен әлеуметтік төлемдерді әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ операциялық процестердің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Қазақстанның МӘСҚ мен Әзірбайжанның Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды. Өткізілген диалог аясында тәжірибе алмасуға және әлеуметтік сақтандыру саласындағы озық тәсілдерді енгізуге бағытталған нақты іс-шаралар мен бастамалар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамытудың негізгі бағыттары бойынша сараптамалық диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.