Құрметті кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, еңбек ардагерлері және қадірлі қазақстандықтар!

10 Қазан 2026
Құрметті кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, еңбек ардагерлері және қадірлі қазақстандықтар!

Сіздерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының атынан Қазақстан кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еңбек адамы – ел дамуының басты тірегі. Бүгінгі Қазақстанның әрбір жетістігінің артында өз ісіне адал мұғалімнің, дәрігердің, құрылысшының, шахтердің, жүргізушінің, өндіріс және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі жатыр.

Әрбір азаматтың еңбегі лайықты бағаланып, әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы – тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Осы бағытта кәсіподақ ұйымдары жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғауға, еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және еңбек жағдайларын жақсартуға елеулі үлес қосып келеді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры үшін еңбек адамының әлеуметтік қорғалуы – басты басымдықтардың бірі. Қор міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда қолдауға бағытталған маңызды міндетті жүзеге асырады.

Біздің ортақ мақсатымыз – адал еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың ертеңгі күніне сенімін нығайту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.

Осы мерекеде кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділеріне, барлық сала қызметкерлеріне ел игілігі жолындағы еңбектері үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық береке, кәсіби табыс және еңбектеріңіздің жемісін көруді тілеймін!

Қазақстан кәсіподақтары күні құтты болсын!

Ізгі құрметпен,

Алмас Курманов

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Басқарма төрағасы

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка