Құрметті ұстаздар!

5 Қазан 2026
Құрметті ұстаздар!

Сіздерді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ атынан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаздың балаға білдірген сенімі оның өміріне бағыт бере алады. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз арқылы жас ұрпақ білімнің құндылығын танып, өз мүмкіндігіне сенуді, мақсатқа табандылықпен жетуді үйренеді.

Еліміздің ертеңі мектепте қалыптасады. Бүгін шәкіртке берген біліміңіз бен өнегеңіз ертең білікті маманның адал еңбегіне, жауапты азаматтың елге қызметіне ұласады. Бұл — ұстаздық жолдың қоғам үшін айрықша маңызы.

Әр баланың қабілетін байқау, сұрағына жауап табу, қиын сәтінде қолдау көрсету үлкен сабыр мен жанашырлықты қажет етеді. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және шығармашылық табыс тілеймін! Еңбектеріңіз лайықты бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігі мерейлеріңізді арттырсын. Күнделікті қызметтеріңіз қуанышқа, жаңа ізденістерге және әрдайым мағыналы кездесулерге толы болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,
«МӘСҚ» АҚ Басқарма төрағасы
Алмас КУРМАНОВ

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка