ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К. Жақыпова Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұжымымен көшпелі кеңес өткізді

21 Қараша 2023
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К. Жақыпова Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұжымымен көшпелі кеңес өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К.Жақыпова 2023 жылғы 20 қарашада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (Қор) ұжымымен көшпелі кеңес өткізді.

Кеңес барысында Министр С.К. Жақыпова зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді әлеуметтік қамсыздандыру тәсілдерін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, өңірлерде жүргізіліп жатқан ақпараттық түсіндіру жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жаңа қатысушыларды тарту қажеттілігі және т. б. мәселелер бойынша басым міндеттерді белгіледі.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка