Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында «Көктем аруы -2018» байқауы өтті.

18 Қаңтар 2022
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында «Көктем аруы -2018» байқауы өтті.

Сайысқа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынын (МӘСҚ) мамандары арасынан жеті бойжеткен қатысты. Үміткерлердің әсемдік пен инабаттылығы сыналып, шығармашылық және зияткерлік қабілеттері бағаланды.

«Қыздарға әсемдік жарасады», «Сәлемдесу», «Сұрақтар мен жауаптар», «Қыз өнерімен көрікті» кезеңдерінде бойжеткен берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, көпшілік көзайымына айналды.

Жеті арудың арасынан қазылар шешімімен «Көктем аруы-2018» атағын Мәдина Сапина иеленді.

Жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша «Фотобайқау аруы» номинациясында Шығыс Қазақстан облысы МӘСҚ филиалының маманы Файздрахманова Альбина марапатталды.Барлық қатысушыларды құттықтап, сайыста тамаша көріністері үшін ізгі ілтипатымызды білдіреміз!

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка