2022 жылғы 23 желтоқсанда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да (Қор) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенованың қатысуымен кеңес өтті.

23 Желтоқсан 2022
2022 жылғы 23 желтоқсанда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да (Қор) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенованың қатысуымен кеңес өтті.

Кездесу барысында Қордың бас директоры Кемел Н.М. Қор қызметінің қорытындылары және алдағы уақыттағы басым міндеттері туралы баяндама жасады. Отырыс барысында әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, әлеуметтік аударымдарды төлеушілермен жеке жұмыс жүргізу, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын еңбек ұжымдарында, тұрғындар арасында және порталдар, Қордың интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі аккаунттар арқылы ақпараттарды орналастыру мәселелері талқыланды.

Министр Дүйсенова Т.Қ. Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі бағыттары туралы баяндап, Қордың қызметін жетілдіру мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қамтуды кеңейту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге, атап айтқанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаттарына тиісті талдау жүргізу, сондай-ақ жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка