2022 жылғы 23 қыркүйекте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Кемел Нұрсұлудың басшылығымен мобильдік топ Жамбыл облысының аудандарын аралауды жалғастырды

23 Қыркүйек 2022
2022 жылғы 23 қыркүйекте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Кемел Нұрсұлудың басшылығымен мобильдік топ Жамбыл облысының аудандарын аралауды жалғастырды

Меркі ауданында ХҚКО қызметкерлерімен және оның келушілерімен кездесу өтті, Меркі ауылында топ мүшелері мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының ұжымымен және оның қамқоршыларымен кездесті.

№ 9 Меркі колледжінде жастармен мазмұнды диалог өтіп, «Электрондық еңбек биржасы» порталының тұсаукесері, несиелендіруге, платформалық жұмыспен қамтуға, көші-қонға және т. б. ақпараттар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. 

Алға ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, балалы отбасыларды қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту және т.б. мәселелер түсіндірілді. 

Сондай-ақ, мобильдік топ Сарымолдаев ауылдық округі мен Шу ауданының тұрғындарымен де кездесті.

Чат-бот

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка